Адвокат: Қанды қаңтардың ұйымдастырушысы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті
фото: Orda.kz
Құқық қорғаушылар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін қылмыстық істерді тергеуден шеттетуді сұрап отыр.
Ақиқат комиссиясының мүшесі, заңгер Гүлайым Сыдықова қазір ҰҚК-де салғырттыққа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр деген ақпарат жоқ деп есептейді.
– Қаңтар оқиғасының ұйымдастырушылары мен қатысушылары – ҰҚК мен полиция. Бөлім қызметкерлерінің ғимараттарын тастап кетуіне байланысты, қызметтеріндегі салғырттыққа қатысты ақпарат жоқ. Олар жоғарыдан берілген осындай бұйрықты орындамауы керек еді. Өйткені бұл мемлекеттік опасыздықпен тең. Олар ант қабылдады. Әлеуметтік желілерде қамаудағыларға қатысты азаптаулар қолданылып жатқаны туралы ақпарат белсенді түрде таралуда. Күдіктілерді полицейлер азаптап жатқаны туралы ақпарат бар. Олар тікелей: «Менің әріптесім сенің кесіріңнен қайтыс болды» дейді. Осыған байланысты полиция да тергеу жүргізбеуі керек, – дейді заңгер әрі комиссия мүшесі Гүлайым Сыдықова.
Құқық қорғаушы Айман Омарова Алматыдағы тәртіпсіздіктерге Қытай, Өзбекстан және Сауд Арабиясының тумалары қатысқанын айтты.
– Менің ойымша, ведомствоаралық жедел-тергеу тобының істері бойынша басқа елдерден де қатысушылар бар. Қатысушылардың көпшілігі Түркістан және Алматы облыстарында тұрды. Олар сонда тұрақты тұрды ма, жоқ па, білмеймін. Үшінші орында Жамбыл облысы. Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, тағы басқа қалалардан бір-үш адам бар. Қаңтар оқиғасына негізінен қазақтар мен ұйғырлар қатысты. Көбісінің туған жері Қазақстан деп көрсетілген. Бірақ мен қамаудағылардың ата-анасының туған жерін көрсетуді сұрадым, – деді Айман Омарова.
Адвокат Айман Омарова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жүргізіп жатқан 225 қылмыстық істі тергеуге рұқсат беруді сұрады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық