Адвокат Абзал Құспан: Ереуілшілер ауруханаға басып кіріп, медбикені зорлаған
Адвокат Абзал Құспан қамауға алынған адамдардың барлығы жазықсыз емес екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ұсталғандардың ішінде әйел зорлап, адам өлтіргендер де бар. Қазір арнайы комиссия барлық істі жеке қарап жатыр.
Бұл туралы адвокат журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтқан.
«Facebook-ті ашып қалсаңыз, барлығын бірдей шығарып жіберу керек деген ұрандарды көресіз. Бұл таза дилетанттық. Барлығы бірдей дәлелсіз қамалып жатқан жоқ. Видео камераға түсіп жатқандар бар» дейді Абзал Құспан.
Айта кетсек, 25 қаңтар Алматыда бүлікке қатысты деген күдікке ілінген 11 адам бостандыққа шыққан. Олар тәртіпсіздік кезінде әйел адамның зорланғанын көрген.
«7-ші ауруханаға жарақатпен түскен ғой. Сол кезде ереуілшілер ауруханаға басып кіріп, бұлардың көздерінше медбике қызды зорлап тастаған. Ол полицей емес, сырттан келген адам емес, ол ереуілге қатысқан тентек, бұзақы топтардың қылығы. Мұндай мысалдарды тізіп айта беретін болсақ, талай адам түңіліп кетер еді» дейді адвокат.
Ол қамалғандардың ішінде адам өлтіргендер де бар екенін баса айтты.
Адвокат бүлік кезінде күйеуін, бауырын, ұлын жоғалтқандар шамалы сабыр танытуын сұрады. Себебі, тергеушілерге әр істі тексеруге уақыт керек.
«Бір тергеуші бір айда екі істі аяқтай алады деп есептейікші. Ал сол тергеушіге қазір 200 іс түсіп жатыр. Ол физикалық тұрғыдан үлгере алмайды. Екіншіден, біздің құқық қорғау саласында қалыптасып қалған өте жағымсыз фактор бар, жауапкершіліктен қашу деген. Тергеуші, опер, учаскелік полиция инспекторлары, одан кейін прокурор, сот тергеуі. Не болса да «артығырақ беріп жіберейік, қамап жіберейік» деп барлығы «қамамай қалсам, бұлар менен күдіктенеді-ау» деп ешкім мойнына жауапкершілік алғысы келмейді. Әйтеуір полиция табалдырығын аттаған адамның бәрін қылмыскер деп қарайды. Егер шығарып жіберсем, күдікке ілігемін ба деп бастарын ала қашады» деді адвокат.
Айта кетсек, Абзал Құспан «қасіретті қаңтар» кезінде негізсіз қудалауға ұшыраған азаматтардың құқығын қорғап, бостандыққа шығару мақсатында құрылған «Аманат» қоғамдық комиссиясының жетекшісі. Қазіргі кезде комиссия азаматтардың ісін қарап жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық