Әділдік іздеген ата-ана: Талғар маңында тағы да жасөспірімнің жұмбақ өлімі
Колаж / Orda.kz
Шерзат Полаттың өлімінен кейін қоғам тыс қалған мәселелер ашыла бастады. Солардың бірі – Талғар маңындағы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік ауылындағы Әймен орта мектебінде оқыған 14 жасар Айболат Мұратханның осыдан 1,5 жыл бұрын кісі қолынан қаза тапқаны және оның ата-анасының әлі күнге дейін әділдікке қол жеткізе алмай жүргені.
Orda.kz-ке Шерзат Полаттың өлімінен соң Талғар мен Еңбекшіқазақ аудандарындағы мектептерге президент әкімшілігінен тексеріс келетіні жайлы ақпарат жетті. Оқиғаның мән-жайы мен президент әкімшілігінің не мақсатта келе жатқанын білу үшін редакция тілшілері Шерзат Полат оқыған Азат 1 мектебіне барды.

Бастапқыда бізді мектепке кіргізбеді. Оқушылар мен ұстаздарды әңгімеге тартуға тырысқанымызбен, ешкім ештеңе айтқысы келмеді. Біраздан соң мектеп қызметкері шығып: «Бізге сұхбат беруге, сырттан келген адамдармен сөйлесуге рұқсат жоқ», – деп мектепке кіріп кетті.
Алайда мектептің алдында бізді жасөспірім баласы кісі қолынан қаза тауып, 1,5 жыл бойы әділдік іздеген ата-ана күтіп тұрды.

Оқиға 2023 жылы 11 наурызда болған. Марқұм жасөспірімнің анасы Уғыбайда Сайраттың айтуынша, баласы кешке достарымен футбол ойнап келген соң асқазанының ауырғанын айтқан екен. Айболат құсып, басы ауыра бастағандықтан ата-анасы ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер басында соқырішек деп ойлаған. Бірақ соңында баланың ішкі құрылысы алған соққылар салдарынан гематомадан сары суға толып кеткені белгілі болады. Айболат жансақтау бөліміне түсіп, жүрегі төрт рет тоқтап, бесіншісінде қайтыс болды.
Артынша анықталғандай, сол күні Айболат пен сыныптастарын сол ауылдың тұрғыны Жандос есімді студент жігіт шақырып, жинап алған екен. Оның мақсаты – жасөспірімдерден ақша бопсалау болған. Уғыбайда Сайраттың айтуынша, Айболаттың ұялы телефонындағы жазбаларға қарағанда, Жандос балалардан бірінші рет емес, тұрақты түрде ақша бопсалап келген. Жасөспірім қайтыс боларының алдында ата-анасы мен туыстарынан ақша сұрауын көбейткен. Телефон жазбаларын қарағанда, «кімде-кім ақша тапсырмаса, өз жазаларыңды аласыңдар» деген аудиожазбалар табылған. Айболатты өзінен үлкен Мейрамбек, Алтынбек, Нұртілек, Расул, Еркінбек есімді жігіттер де сол оқиғаға дейін ұрып келгені анықталды. Ата-анасының айтуынша, балалардан жиналған ақша әлімжеттік көрсеткендердің Kaspi Red және басқа да несиелері мен қарыздарын жабуға кеткен.
Сонымен қатар, анасының айтуынша, 2023 жылдың наурыз айының басында Айболат толық медициналық тексерістен өткен. Сол кезде дәрігерлер баланың денсаулығында еш кінәрат жоқтығын айтқан. Айболат қайтыс болғаннан кейін Еңбекшіқазақ полиция басқармасына арыз түсірілген, бірақ арада 1,5 жыл өтсе де мардымды тергеу немесе сотқа жіберілген іс жоқ.
Ата-анасының айтуынша, бастапқыда балаларының өз ауруынан қайтыс болды дегенмен келіспей, 6 айдан соң эксгумация жасатқан. Эксгумация қорытындысы бойынша Айболаттың соққы салдарынан асқазан-ішек жолдарында қан ұйып, сары суға айналғанынан қайтыс болғаны анықталған. Дегенмен, бүгінгі күнде тергеушілер бұл қорытындыға қарамастан, тағы да сараптама күтіп отырмыз деген желеумен іс алға жылжымаған.
«Студент жігіттер балаларды жинап алып ұрған, кім соққаны, кім ұрғаны бәрі айдан анық көрініп тұр. 6 айдан соң эксгумация да жасаттық, оның қорытындысы бойынша да өлім себебі соққы болғандығы дәлелденіп тұр. Осыншама дәлел мен дәйекке қарамастан іс алға жылжымағанына міне 1,5 жыл болды», — дейді әкесі Мұратхан Түгелхан.
Әймен орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары да Айболаттың сыныптастары үлкен жігіттерден әлімжеттік көргенін сол кезде айтқанын жеткізді.
«Қазір ата-анасының қолында сол кезде барлық балалардан алынған түсініктемелер бар. Бала ауруханаға түскен соң, анасы жылап келген күні біз полицияға барып арыз жазып, балалар түсініктеме берген болатын. Шынымен мектепті бітіріп кеткен балалардың ұрғанын сол кезде бәрі айтты. Студент жігіттердің қорқытқаны, ақша жинаңдар деп айтқан барлық жазбалары бар», — деді тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші.
Сонымен қатар, сол жерде әділетсіздік көрдік деген тағы екі ана болды. Солардың бірі – Айман Бетішімова есімді әйелдің қызы Алматы облысы Іле ауданындағы Абай атындағы мектеп-интернатта ұзақ уақыттан бері директор тарапынан буллингке ұшырап жүргенін айтты. Ол мектептің бұрынғы директорын кінәлап отыр. Айтуынша, директор мектеп жарғысын бұзып, мектеп ғимаратын кейбір қызметкерлерге тұруға жалға берген.
«Соны бетіне айтып едім, менің қызымның қыр соңына түсіп алды», – дейді ана.
Кейіннен директорды орнынан алып, жаңасын тағайындады. Алайда буллинг тоқтаған жоқ. Әйелден неге қызын басқа мектепке ауыстырмайтынын сұрағанымызда, нақты жауап бере алмады. Тек Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаеваны қайта-қайта сынап, интернаттағы жағдайға оны да жауапты деп есептейтінін айтты.
Салтанат Беспаеваға қатысты үлкен шағымдарды Зарима Қожамбетова да білдірді. Ол Азат ауылына президент әкімшілігінің делегациясы келді деп мәлімдеді. Бұған дейін Зарима Қожамбетова Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген, бірақ кейіннен басқармадағы түрлі заң бұзушылықтарды ашық айтқаны үшін әділетсіз түрде жұмыстан шығарылғандығын айтты.
Одан кейін журналистер Азат ауылының тұрғындарымен сөйлесіп, жалпы ауылдың қалай өмір сүріп жатқанын анықтады. Сондай-ақ кейбір жергілікті тұрғындардың айтуынша, Қытай мен басқа елдерден келген қандастарымыз арасында біраз сенімсіздік пен шиеленіс бар екен. Кейбір тұрғындардың айтуынша, шеттен көщіп келген қандастар тұрмыстық және мәдени алуан түрлілігіне, олардың басқа ұлт өкілдерімен араласпауын, диалогқа түсуге құлықсыз екенін атап өтті.

Orda.kz тілшілері Шерзат Полаттың отбасының өртеніп кеткен үйіне барды. Алайда жақын бару мүмкін болмады. Үйдің жанында полиция көлігі кезекшілікте тұрды. Бір қызығы, өртеніп, әрі ешкім тұрмайтын үйдің маңында полициядан бөлек, шатырында локаторы бар үлкен әскери жүк көлігі тұрды. Оның мұнда не үшін әкелінгені белгісіз.
Жаңалықтар
- Оңтүстік Кореяның экс-президентіне өлім жазасы төніп тұр
- Астанада мектептердің бірінші ауысымы қашықтан оқуға көшеді
- Мұрат Адамның қорғаушылары судьяға сенімсіздік білдіріп, оны істі қараудан шеттетуді талап етті
- Балқашта сегіз жастағы баланы азаптау ісі бойынша сот басталды
- Қазақстан КҚК арқылы мұнай экспортының жартысына жуығын жоғалтты
- Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге шабуыл жасалды — Reuters
- Ерболат Досаев «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесіне кірді
- Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері «кезексіз баспана рәсімдеймін» деген уәдесі үшін сотталды
- «Жуас қыз болғасын барынша басынған»: Шымкентте танысы өлтірген қыздың ағасы жазба жариялады
- Ержан Қазыхан Қазақстан президенті атынан АҚШ-пен келіссөздер жүргізеді
- Павлодар–Қызылорда тасжолында жантүршігерлік апаттан 2 адам мерт болды
- Хасан Қасымбаевтың ісі апелляцияға жетті
- «Біз кез келген сценарийге дайынбыз» — Иран билігі Трамптың мәлімдемелеріне қалай жауап берді?
- «11 жеріне пышақ сұққан»: Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан қыздың денесі туыстарына берілді
- Түркістан облысында әйел мен екі баласы газдан уланып қайтыс болды
- Атырау облысындағы бүтін бір отбасының қасіреті: Күдікті мен әйеліне халықаралық іздеу салынды
- Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды
- Таиландта аударылған катердің ішінде 8 қазақстандық болған
- Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады
- Тікелей эфирде қазақ ұлтына тіл тигізген Қостанай тұрғыны cотталды