«Әдейі өлтірген жоқ ғой»: Атырауда жасөспірім суға итеріп жіберген Мерланның ісі бойынша Тоқаевқа үндеу жолданды
Коллжа: Orda.kz
Жоғарғы сыныптың оқушылары Жайық өзеніне итеріп жіберген Мерлан Сананың өлімінде айғақ пен дәлелдің бәрі бар әрі күдікті жасөспірімдер мен ата-аналары қылмысты мойындап тұр. Алайда, іс «Балалар бәрібір кәмелеттік жасқа толмаған, олар сотталмайды» деген желеумен жабылып қалған. Осыған байланысты адвокат Инга Иманбай президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваға ашық үндеу жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға 2024 жылдың 21 тамыз күні Атырау облысы, Ақжар ауылында болды. 13 жастағы жетінші сынып оқушысы Мерлан Сананы жоғары сынып оқушылары Жайық өзеніне итеріп жіберген.
Жасөспірімнің анасы оны жоғары сынып оқушылары әдейі суға итеріп жібергеніне сенімді. Оның айтуынша, олар баланың жүзе алмайтынын және көру қабілетінің нашар екенін білген. Заңгер Инга Иманбай істің қылмыстық құрам болмады деген желеумен жабылып қалғанын жеткізді.
«Осы өлім бойынша қозғалған қылмыстық іс 2025 жылдың 14-сәуірінде қылмыстық құрамның болмауына байланысты жабылып қалды. Тергеушілердің бұл шешімі тек қана заңға емес, адамдыққа да, әділетілікке де сай келмейді.
Істі жапқан тергеушілердің анасына айтқан уәжі: «балалар бәрібір кәмелеттік жасқа толмаған, олар сотталмайды».
Бұл жердегі кәмелетке толмады деген сөз заңды өрескел бұрмалау. Оқиғаның кездейсоқ емес екенін дәлелдейтін бірнеше нақты фактілер бар. Біріншіден, қасында болған жасөспірімдердің бейнежазбасы бар, онда олар өзара нақты кімнің итеріп жібергенін айтып, бір-біріне кінә артып отыр. Оған қоса жасөспірімдер хат алмасқанда бәрін ашық мойындаған.
Екіншіден, жуырда сол балалалардың ата-аналары Мерланның үйіне келіп кешірім сұрамақшы болып, «әдейі өлтірген жоқ ғой» деп кісі өлімін мойындаған.
Бұл ата-аналар да істің қылмыстық іс екенін біле тұра жасырғанын әрі істің заңсыз жабылғанын дәлелдейді», — деді Иманбай.
Сонымен қатар, Инга Иманбай осы істі қайта ашып, сотқа дейін жеткізуді сұрады. Бұған дейін Orda.kz оқиғаның мән-жайын толық жазған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық