Қапшағай қаласында күзетшімен төбелескен полицей бейне үндеу жасады
Алматы облысы Қапшағай қаласындағы Del Mare кафесінің күзетшісімен төбелесіп қалған полицей бейне үндеу жасады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Еске салсақ, Қапшағайда дәмханалардың бірінде төбелес шығарған полицей жұмыстан босатылған.
Оқиғадан кейін полиция қызметкері мойнына арқан іліп, бейне хабарлама түсірген.
Ол видеода өзін Қапшағай полиция бөлімінің тергеу бөлімінің қызметкері, аға лейтенант Әлішер Темешов деп таныстырды.
Оның айтуынша, дәмханада төбелесті күзетшілер бастаған. Ол күнделікті орын алатын жағдай. Бірақ осы жолы адамдар төбелеске полиция қызметкерінің қатысуын қатты талқылап, дау туғызған.
Бұрынғы полиция қызметкері сол оқиғадан кейін әділетсіздікке тап болған. Себебі, басшылық істің мән-жайын анықтамастан барлық оқиғаға қатысушыларды жұмыстан шығарып жіберген.
– Іс бізге - заң қызметкерлеріне қатысты болған кезде неге ешкім бізді қорғамайды? Біріншіден, біз де сіздер секілді қарапайым адамдармыз. Сонда біздің құқығымыз жоқ па? Әлде қалай? Бейнежазба қалай ақпарат беттерінде жарияланғаны сол еді, бізді дереу ішкі істер қызметінен шеттетті. Жапа шегушілерге орташа күйде зақым келгеніне қарамастан бізді уақытша ұстау изоляторына жапқысы келеді. Біз ешкімнің еш жерін сындырған жоқпыз,- деді ол өзінің видеосында.
Бұрынғы полиция қызметкері халықтан өзінің қателігі үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ, екінші тараппен татуласқысы келетінін айтты. Бірақ оның мұндай құқығы шектеліп жатқан көрінеді. Темешов өзін заң жүзінде жауапқа тартса дейді.
– Менің құқығым мен еркіндіктерім шектелген, бізді адам құрлы көрмейді. Бұдан былай мен бұл қоғам арасында өмір сүргім келмейді. Иә, мен қателік жасадым және мен мұны мойындаймын, - дейді ол.
Осы сөздерден кейін ер адам өзіне қол жұмсауға тырысады. Бірақ болжам бойынша, үйдегі адамдар мұндай әрекеттің бетін қайтарған.
Еске салсақ, Қапшағай дәмханаларының бірінде үш полицей мас күйінде төбелес шығарды деп айыпталған.
Жаңалықтар
- 24 елдегі 131 университет: Қос дипломдық бағдарламаның көкжиегі кеңи түсті
- Елімізде 70 жыл бұрын жойылып кеткен жолбарыс табиғат аясына жіберілді
- Әкесі ұлын екі жылдан бері көрмеген: АҚШ-та қамауға алуға ордер шыққан әйел Қазақстанда баласымен қашып жүр
- Қазақстандықтардың депозиттен түсетін табысы азаяды
- ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған бюллетенді көрсетті
- Президент: Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желіге айналдыру
- Қазақстан Қорғаныс министрлігі Ресейдің әскери ынтымақтастық келісімін өзгерту жоспарына қатысты пікір білдірді
- Трамп: АҚШ пен Иран келіссөздерді бүгін қайта бастайды
- Мешітке келген жасөспірімдердің бірінің мұрнын сындырып, екіншісінің миын шайқаған адам сотталды
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы былық: 36 қылмыстық іс пен 3,5 млрд теңгеден асатын шығын
- Қазақстанды қоса алғанда ОПЕК+ құрамындағы жеті ел қыркүйекте мұнай өндіруді арттырады
- Иран СІМ: Соғыс пен бейбітшілік уақытын АҚШ белгілемейді
- АҚШ-та іздеуде болған әйгілі картель басшысы Мексикада ұсталды
- Қазақстанда жаңа теміржол желісі салынады
- Shubat Fest: Маңғыстауда шұбат пен түйе сүтінен жасалған өнімдер фестивалі өтеді
- Ғалымдар АИТВ-ның алдын алуға арналған жаңа препарат әзірледі
- Енді шенеуніктермен әңгімеңіз жазылады: Азаматтарды қабылдау тәртібі өзгереді
- Жалға пәтер беремін деп 20 адамды тақырға отырғызған алаяқ ұсталды
- «Адвокат» әкімнің аузын айға қаратып кетті
- Wildberries қоймаларын Қазақстанға көшіретіні туралы ақпарат рас па?