«Абыройдан аттау»: Әскери мүлікті ломбардқа қойған капитан сотталды
Фото: жасанды интелект
Семей гарнизоны әскери соты мүлікті жымқырды деп айыпталған капитанға қатысты істі қарады.
Қылмыстық іс материалдарынан анықталғандай, штабтың топографиялық қызметінің басшысы қызметтік бабын асыра пайдаланып, топографиялық құралдарды ломбардқа қойған. Ол әскери бөлімнің мүлкі үшін екі миллион теңгеге жуық ақша алған.
Капитан букмекерлік кеңселерде бәс тігіп, ақшасын ысырап еткен. Қарызын өтегісі келіп, әскери мүлікті ломбардқа өткізген.
«Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» деді сот.
Сондай-ақ сотталушыдан материалдық шығын, мемлекеттік баж өндіріп алу бойынша айып тағылып, капитан әскери шенінен айырылды.
Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады
- Шымкентте 1,7 млрд теңгенің негізсіз бюджет шығындары анықталды
- Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларын уақытша тоқтатты
- Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясында сөз сөйледі
- Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланды — Трамп
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысады