Абылайхан Жұбаназар дзюдодан халықаралық турнирде Қазақстанға үшінші медаль әкелді

cover Фото: ҰОК

Қазақстанның ерлер құрамасының дзюдошысы Абылайхан Жұбаназар Францияда өткен Grand Slam санатындағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Orda.kz.

Парижде өткен «Үлкен дулыға» турнирінде Қазақстан құрамасы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдеге қол жеткізді. Үшінші орын үшін өткен белдесуде Абылайхан Жұбаназар австриялық спортшы Бернд Фашинмен күш сынасып, кездесуді қазақстандық дзюдошының жеңісімен аяқтады.

Осылайша, Абылайхан Жұбаназар Париждегі биылғы Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасына үшінші медаль сыйлады. Бұған дейін отандастарымыз Шерхан Нұрлыхан мен Аман Бақытжан да аталған жарыста қола жүлдеге ие болған еді.

Бұл Абылайхан Жұбаназардың Grand Slam турнирлеріндегі жетінші медалі саналады. Бұған дейін ол бір күміс және бес қола медаль жеңіп алған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар