Ғабит Нұрханұлы: «Олар мафия ғой»
Нұр-Сұлтандағы Көпбейінді медициналық орталықтағы анестезиолог-реаниматолог қызметінен негізсіз босатылған Ғабит Нұрханұлының мәлімдеуінше, оған қоқан-лоққы көрсетілген болып шықты.
Желілерде коронавирустан сақтану жолдары туралы пайдалы ақпарат беріп, қоғамға біліктілігімен танылған Ғабит Нұрханұлы бұған дейін facebook парақшасына өзінің аластатылғанын жариялаған болатын. Сөзінше, есепті қазақша бергендіктен, орталық директорының инфекциялық аурулар бойынша орынбасары Татьяна Цечоевамен сөзге келген. Ақыр соңы «ротация жасаймыз» деген сылтауды алға тартып, графиктерге мүлде қоспағаны белгілі болған. Мәселенің ушыққанын байқаған құқық қорғау органы қызметкерлері хабарласып, мәселені шу шығармай шешіп беретіндерін айтып, жазбаны өшіруді сұрады. Артынша Татьяна Цечоеваның туысы делінген әріптесі Виталий Калина қоңырау шалып, «шулатуды тоқтатпаған жағдайда әңгіме басқаша болады» деп қоқан-лоққы көрсеткен.
«Ротация» деген сылтаумен ұнамаған адамын шығарып, орнына адам алады. Қайта қызыл аймақта көп жүрген адамда иммунитет қалыптасады, егер жаңа адам алып келсе, ол ауырып қалуы мүмкін. Қыркүйек айынан бері бізде бірде-бір медицина қызметкері арасында ауру тіркелмеді. Бәрі – істеп жүрген ескі бригада. Менің жұмысымды бастағаныма 5 ай болды, ең соңғы келгендердің бірімін. Көбіне істеп жүргендерге 7-8 ай болған», – дейді Ғабит Нұрханұлы.
Жұмыс орнындағы басшылықтың өз туысқандарын жұмысқа орналастырғанына, жұмысқа қабылдау барысында тіл, дін, ұлт секілді ерекшеліктерге назар аударғанына, әділетсіздікпен күресуден шаршағанын ашық айтқан Ғабит барлығына қолын бір сілтеп, шетелге көшіп кеткісі келетінін жасырмады.
Қамшы сайтының тілшісімен байланыс орнатқан маманның дауысынан толқулар ашық сезілген.
«Олар мафия ғой, бірақ осыған бола өлтіріп тастамайтын шығар», - деп тұтқаны қоюға асыққан екен Ғабит Нұрханұлы.
Жаңалықтар
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте экс-күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды
- Астанада автобус самокат мінген жасөспірімді қағып кетті
- Садыр Жапаров екінші президенттік мерзімге сайлауға түсу жоспарын жариялады
- Алматыда бір тәулікте 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды
- «Дайвинчик»: Танысуға арналған танымал Telegram-ботына сот арқылы тыйым салынды
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 280-нен асты
- Ауғанстанда 2,4 миллион қыз орта білім ала алмай отыр
- Ақтөбеде мұғалім әйел алаяқтық күдігімен ұсталды
- Күннің тұтылуын тамашалаған Германия халқы көз ауруына шағымданды
- Қазақстанда 276 мыңнан астам вейп тәркіленді
- Тәшиев 2027 жылы президент болуы мүмкін еді: Жапаров өз жоспарын ашып айтты
- Дастан Сәтбаевтың бейнесі АПЛ-дың ресми сайтына қосылды: Ол «Челсиде» қала ма?