«Әбіләзовтің тапсырмасымен кісі өлтірген»: Мұратхан Тоқмәди 6 жылдан соң абақтыдан шығатын болды
Коллаж Orda.kz
«Тұран Әлем» банкінің топ-менеджері Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди 6 жылдан соң шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатын болды.
Бұл туралы ақпаратты Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі растады.
2024 жылғы 26 шілдеде Қонаев қалалық соты Мұратхан Тоқмәдидің мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін мақұлдады.
Еске сала кетсек, 2017 жылы Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындаған болатын. Сондай-ақ, ол шетелде жасырынып жүрген банкир Мұхтар Әбіләзовтың бұйрығымен әрекет еткенін және ол 4 миллион доллар уәде еткенін айтқан. 2018 жылғы 16 наурызда Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
2022 жылдың қарашасында Мұратхан Тоқмәдидің әйелі оның азаптау ісі бойынша жәбірленуші ретінде танылғанын мәлімдеді.
Өткен жылы Orda.kz Мұратхан Тоқмәди ісінің мән-жайын баяндаған болатын. Тәтішевтің отбасы Мұратхан Тоқмәдидің абақтыдан шығуына қарсы болып жатыр.
Жаңалықтар
- «40 адамның қызметін енді компьютер атқарады»: Алматы метросында мамандар жұмысынан айырылуы мүмкін
- Журналистер одағы 2026 жылға арналған сыйлық пен марапат лауреаттарын жариялады
- Шілде айынан бастап Қазақстанда әскерге шақыру цифрландырылады
- Ресейдегі газ өңдеу зауытына жасалған шабуыл Қарашығанақ газына қатысты мәселені қайта көтерді
- Сhildfree идеологиясына қарсы пәтуа: «Кедейлік – бала тумай қоюға себеп емес»
- CNN: АҚШ-тың Ұлттық барлау жүйесінде жаппай жұмыстан босату жүріп жатыр
- Алматының Райымбек даңғылындағы BRT жобасының орнына SkyTrain жүйесі іске қосылады
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Іс бойынша әйелі мен ұлы ұсталды
- Қарт әкесін сабап, оны видеоға түсіріп таратқан «батыр бала» бес тәулікке қамалды
- Ербаянның өлімі: Тапаншаға ұмтылған полицейдің әрекетіне құқықтық баға беріледі
- Ербаян Мұхтардың әкесі жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды: Отбасы мәйітхана алдында жүр
- Түркістан облысында күре жолдың бетон жабындысы көтеріліп кетті. Аптап ыстық себеп пе?
- Ербаянның қазасына қатысты ДСМ мәлімет берді: Науқастың жағдайы өзгермеді
- Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны демаркациялауды әлі де жалғастыруда
- Қазақстан мен Еуропалық одақ 12 миллиард долларлық келісім дайындап жатыр
- Тоқаев ЕО дөңгелек үстелінде: Біз білімге негізделген экономика қалыптастыруға ұмтыламыз
- 150 млн еуро инвестиция: Тоқаев пен ЕО басшылары жаңа келісімдерге келді
- Ербаян Мұхтар қайтыс болды
- Тоқаев: Бельгия — Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі
- 102 адам мейрамханадағы астан уланды: Сот қылмыстық іс қозғады