Әбіләзовтің сыбайласы сырттай қамауға алынды
Фото: «Московский комсомолец»
Ресейдің Замоскворецк аудандық соты Қазақстанның БТА Банкі салымшыларынан ұрланған ақшаны заңдастырды деп айыпталып отырған ұлтшыл Александр Поткинді (Александр Белов ретінде танымал) сырттай қамауға алды.
Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Поткинге Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 4-бөлігі, «а» және «б» тармақтары бойынша ұйымдасқан топпен аса ірі көлемде қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деген айып тағылды. Оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр. Қорғаушы тарап бірінші сатыдағы сот шешіміне шағым түсірді.
Поткиннің адвокаты жаңа айыптау 2015 жылғы эпизодқа байланысты екенін, ол кезде оның қорғаушысы экстремизм, ұлтаралық алауыздықты қоздыру және ақшаны заңдастыру үшін сотталғанын мәлімдеді. Тергеу мәліметтері бойынша, бұл қаражат Қазақстандық оппозиционер Мұхтар Әбіләзовтің иелігінде болған БТА Банкі салымшыларынан ұрланған. Қазақстанда Әбіләзовті 5 миллиард доллар ұрлады деп айыптап жатыр.
Тергеу Поткинге жаңа айыптаулар 2024 жылғы қаңтарда сырттай тағылғанын мәлімдейді. Осыдан кейін оған федералдық, одан әрі халықаралық іздеу салынды.
Еске сала кетсек, Поткинді Қазақстандағы саяси жағдайды бұзу мақсатында экстремистік қауымдастық құрды деп те айыптаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық