Ғабидолла Әбдірахымов өзіне қатысты қылмыстық іс туралы айтты
Бұрынғы саясаткер Ғабидолла Әбдірахымов өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Шымкенттің бұрынғы әкімінің айтуынша, оған құқық қорғау органдарынан ешқандай хабарлама келмеген.
– Шынымды айтсам, ешқандай іс туралы хабарым жоқ. Ешкім ешқайда шақырған жоқ (жауап алуға - авт. еск.), маған ескертпеді. Әлеуметтік желіде жазылғандар бос сөз. Бұған менің еш қатысым жоқ. Бұл не үшін жасалғанын білмеймін.
Ол адам (арыз жазған - авт.еск.) – қарапайым кәсіпкер, Қазақстанда ондайлар көп. Мен көп кәсіпкерді білемін. Бірақ ол адаммен ешқандай қатысым болған емес. Онымен мүлдем байланыста болған жоқпын. Әрине, өмір бойы, дәлірек айтсақ, 22 жыл мемлекеттік қызметте болдым. Мен де басқалар сияқты бұл бизнесмендерді мемлекеттік қызметкер ретінде ғана білуім мүмкін, – деді Әбдірахымов.
Сондай-ақ, ол ауыр қылмыс жасады деп айыптау «өз алдына қылмыс екенін» атап өтті.
– Неге адамдар мұндайға жол береді. Бұл ақпаратты жариялаған Козачков мырза маған хабарласпады. Кеше Бас прокуратура да ақпаратты теріске шығарды. Бірақ олар әлі тынышталмай отыр. Маған біреу «тапсырыс» берген сияқты. Бірақ мұның не үшін жасалып жатқанын білмеймін, – деп қосты экс-әкім.
Әбдірахымов қазір Нұр-Сұлтанда тұратынын, кәсіпкерлікпен және «кейбір жобаларымен» айналысып жатқанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық