Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
primeminister.kz
Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің сайты.
2019 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.
«Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.
Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітіріп, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Германияның жоғары мемлекеттік басқару мектебінде оқыған. Ол мемлекеттік басқару магистрі.
Әр жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігін, Бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарды. Ол Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметтерін атқарды.
2015-2017 жылдары, сондай-ақ 2018-2019 жылдары Шымкент қаласының әкімі болып жұмыс істеді.
30 шілдеде Ғабидолла Әбдірахымов әкім қызметінен босатылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық