Абхазиядағы наразылық: шерушілер парламент ғимаратын басып алды
Абхазияда бірнеше күннен бері наразылық басылмай тұр. Бүгін түсте шерушілер парламент қоршауын бұзып, кейінірек ғимаратты басып алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, кеше түсте Абхазиядағы оппозиция өкілдері ел астанасы Сухумиде көлікпен темір тосқауылдарды бұзып, парламент ғимаратына басып кірген болатын.
Наразылық акциясының жалғасуына Ресеймен алдағы келісім, сондай-ақ бірнеше күн бұрын демонстранттарды қамауға алу себеп болған. Кейін олар босатылды. Наразылық білдірушілердің Сухумидегі парламент ғимаратына басып кіргені куәгерлер түсірген видео арқылы жергілікті «Республика» Telegram-арнасында жарияланды.
Ал, қауіпсіздік күштері еш қарсылық көрсетпеді.
«Ғимарат ішіндегі наразылық білдірушілер кеңсе ішінде ештеңені бұзбауға шақырып, қауіпсіздік күштерінен халық жағына шығуды сұрап жатыр» делінген хабарламада.
Шерушілер тіпті президент әкімшілігі кеңселеріне де кіріп барды. D News Abkhazia-ның хабарлауынша, қауіпсіздік күштері парламент дәлізінен шығып, олардың бір бөлігі наразылық білдірушілерге қосылды.
Естеріңізге сала кетейік, Абхазияда 12 қарашаға қараған түні тәртіпсіздіктер басталып, республикалық жол жабылды. Жергілікті Telegram арналарының хабарлауынша, бұған Ресеймен инвестициялық келісімді ратификациялауға қарсы шыққан оппозиционерлердің ұсталуы себеп болған.
Абхазия президенті әкімшілігі ғимаратына әскери техника әкелуге тура келді. Айта кетейік, 2022 жылдың маусымында Санкт-Петерборда өткен отырыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Абхазия мен Оңтүстік Осетияны мемлекет ретінде мойындамайтынын айтқан болатын.
Мемлекет басшысы қазіргі халықаралық құқық БҰҰ Жарғысымен айқындалатынын түсіндірді. Ол қазіргі жағдайда бір-біріне қайшы келетін екі қағиданы қамтиды. Бірінші принцип – мемлекеттің аумақтық тұтастығы, екіншісі – ұлттың өзін-өзі билеу құқығы.
Оның үстіне бүкіл әлем бойынша өзін-өзі билеу құқығы жүзеге асырылса, қазіргі 193 елдің орнына 500-600-ге жуық мемлекет пайда болып, хаос тудырады.
Абхазия әр уақытта тәуелсіз социалистік кеңестік республика ретінде КСРО құрамында және Грузин КСР құрамындағы автономиялық республика болған. 2008 жылы 26 тамызда Ресей Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындады. Грузия әлі күнге дейін олардың егемендігін мойындамады.
Соңғы хабарларға сәйкес, Абхазия президенті Аслан Бжания наразылық білдірушілер президент әкімшілігі ғимаратынан шығып кетсе, қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық