«Абай» шахтасындағы жарылыстан кейінгі кеншілер наразылығы
Тексеру барысында бірнеше рет «АрселорМиттал Теміртау» нысандарында қауіпсіздік талаптары сақталмағаны белгілі болды. «Абай» шахтасында адам өліміне әкеліп соққан апат кезінде ауаға 8 мың текше метрден астам метан газы тараған.
Қарағандылық кеншілер өндіріс орнынан үйлеріне аман келуіне кепілдік сұрайды. Бұл туралы Orda.kz порталы «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлады.
Қарағандылық кеншілер әбден тозған қондырғыларды жаңартып, жұмыс күшін көбейтуді, жылдар бойы өзгеріссіз тұрған жалақыны көтеруді, тау-кен жоспарына да өзгерістер енгізуді талап етуде.
«Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы ресми мәлімдеме жасады.
— Абай шахтасындағы апат кеншілердің проблемасын тағы көрсетті. Ең бастысы қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету, компания шахтерлардың жұмыстан кейін аман- есен үйлеріне оралуына кепілдік берсін. Біздің кәсіпорындарда жұмыс күші жетіспейді. Сөйте тұра қондырғылар әбден тозған. Осындай жағдайда көмір қазып өмірін қауіпке тігетін адамдардың жалақысын да көтеру керек, – дейді кәсіподақ төрағасы Евгений Буслаев.
Төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, «Абай» шахтасныдағы апат кезінде 8 мың текше метрден астам метан газы тараған. 100 тоннадан астам тау-кен үйіндісі құлаған. Шахтаны тазарту жұмыстары жүріп жатыр.
— Бүгінгі күні бұл кеніште жұмыс тоқтады. Қазір мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Тексеріс нәтижесінде шахтада 8 мың текше метрден астам метан тарағаны анықталды. Онымен қоса, «АрселорМиттал Теміртау» нысандарындағы тау-кен жұмыстарына қатысты қауіпсіздік талаптарының сақталмағанын анықтадық. Комиссия төрағасы ретінде апаттың алғашқы себептерін анықтау үшін өзім барамын, – деді ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.
Қазір арнайы құрылған комиссия кеншілер қойған талаптар туралы кәсіпорынмен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық