«Абай оқулары» халықаралық байқауының қорытындысы мәлім болды
Фото: Білім министрлігі
8-11 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» XXVI республикалық шығармашылық байқауы аяқталды. Биыл байқау халықаралық мәртебеге ие болып, ұлы ойшыл ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналды, деп хабарлайды Orda.kz Білім министрлігіне сілтеме жасап.
Байқау бес номинация бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде 1300-ден астам оқушы қатысты, олардың тек 112-сі ғана финалдан өтті, оның ішінде 39-ы ауыл оқушысы. Сондай-ақ, Алтай өлкесінен, Өзбекстаннан, Моңғолиядан, Қытай мен Түрікменстаннан 20 қатысушылар келді.
Байқау қорытындысы бойынша 65 оқушы:
• 15 қатысушы I дәрежелі дипломмен және алтын медальмен;
• 20 қатысушы - II дәрежелі дипломмен;
• 30 қатысушы - III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қосымша 20 оқушыға құрмет грамотасы табыс етілді. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.
Халықаралық қатысушылар арасында арнайы сыйлық тапсырылған жеңімпаздар да анықталды:
1. Бүркітбаев Саят - Өзбекстан
2. Байдәулетова Айнұр - Түрікменстан
3. Айдос Нұрмағанбет - Моңғолия
4. Үсенбаева Арайлым - Өзбекстан.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысынан келген Айберікұлы Алмаз «Абай» журналының арнайы жүлдесіне ие болды.
Бұған дейін Астанада Абайдың 180 жылдығына арналған ұлттық студенттік конференция өткен болатын.
22 наурызда Алматыда бір уақытта мыңдаған дауыс Абайдың «Көзімнің қарасы» мен «Желсіз түнде жарық ай» әнін қосыла шырқады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық