Абай облысындағы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен қызды санитарлық авиация Семейге жеткізді
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Абай облысындағы қайғылы оқиға салдарынан ауыр жарақат алған үшінші бала санитарлық авиация бортымен Семейге жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жол-көлік оқиғасында үш бала қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Олардың екеуі Астанаға жеткізілді, ал қыз Үржар аудандық ауруханасында қалды. 23 тамызда ғана оның жағдайы тұрақты деп танылды және санитарлық авиация баланы Семей медициналық университетінің госпиталіне жеткізді.
«Апаттан кейін оны облыс орталығына жеткізу мүмкін болмады, жарақаттаыр тым ауыр болды және өмірлеріне қауіп төнді. Тұрақты бақылаудан және тексерістен кейін дәрігерлер Семей қаласына тасымалдауды мүмкін деп тапты» деп хабарлады өңірдің денсаулық сақтау басқармасы.
Алғашқы күннен бастап Медицина университеті госпиталінің мамандары Үржар ауруханасы базасында көмек көрсетіп, тасымалдау кезінде қызбен бірге еріп жүрді. Қазір ол реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Емдеу облыс әкімі Берік Уәлидің жеке бақылауымен жүргізіледі.
Қайғылы оқиға 2025 жылғы 19 тамызда сағат 16: 00-де Үржар ауданы Бестерек ауылында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 55 жастағы Toyota жүргізушісі басқаруын жоғалтып, жолдан небәрі он метр қашықтықтағы үйдің қақпасында ойнап жүген бір топ баланы қағып кеткен. Олардың екеуі оқиға орнында, тағы бір бала ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Үш бала түрлі жарақаттар алды.
Тергеу жалғасуда: ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Куәландыру оның апат кезінде сау болғанын растады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Абай облысына әскери-көлік авиациясының бортында Астанадан мамандар - нейрохирург, травматолог және реаниматолог келді. Кейін әкімдікте қаза болған балалардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетіні туралы хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық