Абай облысындағы төтенше жағдай: Тоқаев облысқа табан тіреді
Бүгінгі таңда Абай облысындағы орман өртін 1500-ден астам адам сөндіруде, көмекке басқа аймақтардан қосымша күштер келді.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қазіргі таңда өртті сөндіруге 1500-ге жуық адам, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Орман шаруашылығы комитетінің, жергілікті атқарушы органдардың және Қорғаныс министрлігінің 290-нан астам техникасы жұмылдырылғанын хабарлады. Төтенше жағдай басталғаннан бері көлемі 1000 тоннадан асатын 486 су төгу жұмыстары жүргізілді.
Алматы қаласы, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінен Абай облысына қосымша күштер мен құралдар жіберілді, Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды және Алматы облыстарынан келген әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері өртті сөндіруге кірісті.

Ал, облыс әкімдігі жолдың Тоқаев келуі үшін емес, өрт сөндіру көліктерінің төтенше жағдай орнына кедергісіз өтуі үшін жөнделіп жатқанын мәлімдеді.
«Автокөлік құралдарының, оның ішінде авариялық-құтқару қызметтері мен еріктілердің қозғалыс қарқындылығының артуына байланысты қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол бөлігінде шаңды тазалау мақсатында Бородулиха-Жерновка-Поллог аудандық автожолы учаскесінде шұңқырларды уақытша толтыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар өртті жою үшін штабқа баратын көлік ағынының өсуіне байланысты қолға алынды», - деп нақтылады әкімдік.
Бірақ тілшіміз хабарлағандай, бұл іс айтарлықтай көмек беріп жатқан жоқ.
Ал, Қасым-Жомарт Тоқаев осы аралықта өңірге келіп те үлгерді. Ол Абай облысындағы өрт сөндіру жөніндегі жедел штабқа әні-міне келеді деп күтілуде. Ол жерде қаза болған орманшылардың отбасыларымен және өрт сөндірушілермен кездесетіні белгілі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық