Абай облысында үш жалған полиция қызметкері ұсталды
Жалған полицейлер Абай облысы тұрғынының есепшотынан миллионға жуық ақша шығарып алған.
Жарма ауданының тұрғынын өздерін полиция қызметкерімін деп таныстырған белгісіз біреулер көшеде тоқтатқан. Олар одан жеке куәлігін сұрады. Жастар жәбірленушінің құжаттары мен биометриялық деректерін суретке түсіргеннен кейін кетіп қалды.
«Олар ер адамды алдап, алаяқтық жолмен оның жеке деректерін иемденіп, содан кейін оның шотындағы 925 мың теңгені алып алған.Оның шотынан ақша есептен шығарылған кезде ер адам жалған полиция қызметкерлеріне тап болғанын түсініп, полицияға хабарласқан» делінген хабарламада.
Жедел қызметкерлер күдіктілерді анықтап, ұстады. Солтүстік Қазақстан облысының үш тұрғыны жалған полицей болып шықты. Олар қазір қамауда отыр. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық