Абай облысында оқушы ақылды бесік ойлап шығарды
Фото: Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
Абай облысында мектеп оқушысы ақылды бесік ойлап тапты, деп хабарлайды Orda.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық білім басқармасы жас өнертапқыштың Бесқарағай ауданындағы Борасын орта мектебінің 11-сынып оқушысы Кирилл Козлов екенін айтты.
Ақылды сәби бесігі ата-аналарға Android қолданбасы арқылы сәбилерін бақылауға мүмкіндік береді. Ол бірнеше функцияларды қамтиды - бесікті тербету, тыныштандыратын музыка ойнату, температура мен ылғалдылықты өлшеу және т.б.
«Бала жылаған кезде бесік баланың жылағанын бірден сезіп, тербетіп ұйықтатады. Ол сондай-ақ бесіктегі ылғалдылық деңгейін өлшеп, ата-ананың телефонына баланың жаялығын ауыстыру керектігі туралы сигнал береді» деп хабарлады білім басқармасы.

Кирилл музыка ойнатқышты, түнгі аспан проекциясын және жарықтандыру қосқан. Ол қазір баланың ұйқысын қадағалай алатын тыныс алу немесе жүрек соғу жиілігін қадағалау сияқты сенсорларды біріктіру арқылы ұйқы бақылағыш орнатумен айналысуда.
Ендігі жерде қолдаушылар табылып, жоба іске асып жатса, ата-аналар сәбиінің жағдайын алаңсыз қадағалай алатын болды. Оқушы жобасының жетекшісі – информатика пәнінің мұғалімі Арай Жұматаева.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық