Абай облысында қораға шапқан қасқырлар малшылардың үрейін үдете түсті
Фото: Pixabay
Түз тағысы тек бір ауданның өзінде жыл басынан бері 450-ден астам сиыр мен қойды, оған қоса осыншама жылқыны жалмаған. Фермерлер шығынды 160 млн теңгеден асты деп бағалауда, деп хабарлайды Orda.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жағдай жыл сайын нашарлап барады. Жазда әр шаруашылықта қасқырлар кемінде бес бас малды жайратып кетеді.
«Осындай оқиға жиілеп кетті. Бірнеше жылдан бері қасқырлар қораға шауып, сол жерде-ақ бүтінддей бір жылқыны немесе сиырды жеп кетеді»,- дейді шаруашылық басшысы Талғат Ерденбеков.
Жыртқыштарды ұстау қиын - таулы өлке көліктердің келуіне мүмкіндік бермейді, ал аңды аулағысы келетіндердің қарасы да жоқ.
Фермерлер өз беттерінше әрекет етпекші болып, ауданда жыртқыш аңдардың көбеюуін реттеу үшін қасқырларды ату бойынша арнайы жарыстар да ұйымдастырған. Олар аңға түсетін құстары мен тазылары бар аңшыларға қолқа салып, өз табындарын осылай қорғамақ болып жанталасып жатыр.
«Тау баурайында орналасқан малшылар үшін арнайы жабдықтары бар көліктерді пайдалану арқылы аң аулау өте қиын. Сондықтан 2023 жылы біз аңшыларды арнайы шақырдық. Өткен жылы 14 адам келіп, қажетті құрылғылармен жабдықталды. Алайда, екі жыл ішіндегі жұмыстың көзге көрінер нәтижесі болмады», - деді Кеңгірбай би ауылдық округінің әкімі Дархан Амангелдин.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қасқырлардың полиция бекетінің жанынан жүгіріп өтіп, ал қызметкерлердің тұра қашып, тығыларға жер таппай айналсоқтап жүргені бейнеленген жазба жарияланды.
Артынша Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Orda.kz-ке шын мәнінде не болғанын түсіндірді. Ал қазір ол бейнежазба қолжетімсіз. Мүмкін өшірілген болар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық