Абай облысында әскери қызметкер қаза тапты
Фото: gov.kz
Абай облысында келісімшарт негізінде қызмет атқарған әскери қызметкер әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан қаза болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға бүгін, 5 наурызда болған. Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сарбаз алған жарақаттарынан мерт болды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қазір оқиға орнында құзырлы орган өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері қолбасшылығы мен жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қажетті қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Талғарда тағы бір қанды қасап болды. Бұл жолы 47 жастағы 7 баланың әкесін бұрынғы әйелі мен енесі 30 жерінен пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қанды оқиғаның мән-жайын Orda.kz тілшісі біліп қайтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық