Абай облысында алимент төлемеген әйел бас бостандығынан айырылды
Фото: Pixabay.com
Абай облысының Үржар ауданында тұратын әйел балаларына алимент төлеуден жалтарып келген. Әйел әкімшілік жауапқа тартылып, заңды жаза тағайындалды.
Үржар ауданы бойынша сот орындаушылар мұндай жаза алимент төлемей жүрген басқа борышкерлерге сабақ болады деп отыр.
Бүгінге дейін әйел адамның балалары алдындағы қарызы 2,7 млн теңгеден асқан.
Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотының үкімі бойынша ҚР ҚК-нің 139-бабымен (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 44-бабы 1 бөлігімен жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылған, бірақ әйел сот үкімін орындамаған.
«Абай облысы бойынша ҚАЖД Үржар аудандық №1 пробация қызметінің есебіне алынып, тәрбие жұмыстары өткізілгеніне қарамастан, әйел қорытынды шығармаған. Сот жүктеген міндеттерді орындамай, қасақана алимент төлемеген және жұмысқа орналасқысы келмеген. Үржар аудандық сот шешімімен борышкер әйел сот залынан бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігіне бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, деп хабарлады пробация қызметінің аға инспекторы Эльмира Мұқитанова.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық