Абай атындағы ҚазҰПУ ғимараттың бір бөлігін қайтарды
Фото: kaznpu.kz
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ғимаратының бір бөлігі қала меншігіне қайтарылды.
Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
«1997 жылы аумақтық жекешелендіру комитеті оқу ғимаратының бір бөлігін 196 мың теңгеге, оған қоса сол жылы оған іргелес жатқан 26 гектар жер телімін де 62 мың теңгеге заңсыз сатып жіберген. Медеу аудандық прокуратурасы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің күшін жою туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Сот шешімімен қадағалау органының талабы қанағаттандырылып, мүлік қайтарылды, шешім заңды күшіне енді» делінген хабарламада.
Университет ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің санатына жатқызылып, жер телімінде қаладағы ең көне сәулет ғимараттарының бірі – «Ескі қақпа» орналасқаны атап өтілді. Бұрынғы оқу ғимараты сатылған соң ойын-сауық мекемесі – «Ескі қақпа» атты мейрамханаға айналды.
Осыған байланысты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мәлімдеме жасады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жекешелендірілген мемлекеттік ғимараттарды қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі ректор Болат Тілеп осы бағытта белсенді жұмыстар жүргізіп, университет меншігіне өтуі тиіс жекешелендірілген мемлекеттік ғимараттарды қайтару бойынша нақты шараларды қолға алуда. Осылайша, Медеу ауданының прокуратурасы мен Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бірлескен жұмысы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың заңсыз иеліктен шығарылған жылжымайтын мүліктерін қайтаруға бағытталып отыр. Олар 1997-2003 жылдар аралығында жекешелендіріліп, университеттің аффилиирленген тұлғаларының меншігіне өткен. Ел Президентінің тапсырмасын іске асырудың сәтті мысалдарының бірі Медеу аудандық сотының Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 28 мекенжайындағы үй-жай мен іргелес жер учаскесін Университет меншігіне қайтару туралы шешімі болды.
Ректордың жеке бақылауына қойылған басқа да заңсыз иеліктен шығарылған мүліктік объектілерді қайтару жұмыстары жалғасуда. Бұл процесс университеттің инфрақұрылымын дамытудағы және оның қажеттіліктерін заманауи білім беру талаптарына сәйкес қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады» делінген университет хабарламасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық