Абақтыдағы Қайрат Құдайбергенге моральдық-психологиялық қысым жасалды
Қаңтарда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталған Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенге моральдық-психологиялық қысым көрсетіліп жатыр.
Бұл туралы оның адвокаты Мұрат Амитов хабарлады.
Адвокат Бас прокуратура қызметкерлерінің қысымына шағымданған Қайрат Құдайбергеннің мәлімдемесін жариялады.
«Оның сөзінен тергеу изоляторының қабырғасында Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы МСРО жедел уәкілі Қайратқа адвокатсыз келгенін білдік. Оған моральдық-психологиялық қысым көрсеткен. Ар-намысы мен қадір-қасиетін төмендеткен бұл офицер Қайрат оларға қажетті айғақтарды бермесе, ұзақ уақыт түрмеге жабылады деп қорқытқан» деді Амитов.
Ол Қайрат Құдайбергеннің ісі әлі сараланып бітпегенін атап өтті.
«Тергеу соты Қайратқа «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы оның кінәсін дәлелдейтіндей етіп алуы үшін санкция берді ме?» деп сұрақ қойды адвокат.
Адвокаттың айтуынша, Қайраттың уәждерін тіркеу кітабы мен ЛА-155/18 мекемелерінде орнатылған бейнекамералар жазбаларын тартып алу арқылы растауға болады. Онда адвокат жоқ кезде кім, қашан, қандай мақсатпен барғанын көруге болады. Қайраттың айтуынша, оқиға 2022 жылдың 26 сәуірінде сағат 10:30 шамасында болған.
«Біз құзырлы органдарға тиісті арыз, шағымдарды жібереміз. Біз қадағалау органдарынан кейбір тәртіп сақшыларының мұндай заңсыз арандатушылық әрекеттерін тоқтатып, Қайратқа қатысты бұлтартпау шарасын дереу өзгертуді талап етеміз» деді адвокат.
Orda.kz сайтының сауалына Қайрат Құдайберген «Дикий Арманмен» таныс емес, бірақ онымен алаңда кездесіп, жұртты жұбату үшін өзі келгенін айтты. Екеуі де сол жерде бейнекамераларға түскен. Мәслихат депутаты енді «Дикий Арманмен» араласпайтынын айтты.
Сәуірдің 22-сі күні таңертең Құдайберген ағымдағы жылдың қаңтарындағы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Прокуратураның мәліметінше, Құдайберген Жұмагелдиевпен (Дикий Арман) бірге адамдарды «Қазақстан» қонақ үйіне жинаған. Онда Жұмагелдиевтің төңірегіне топтасып, оны қолдауға, билікке ортақ талаптар қоюға шақырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық