Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырған нигериялық азамат ұсталды
Фото: Ашық дереккөзден
2015 жылы Қытайда есірткі контрабандасымен айналысты деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айрылған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты оның сапарын ұйымдастырған Джонни есімді азаматтың ұсталғанын мәлімдеді.
«Алдын ала мәлімет бойынша, 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деген күдікке ілінген «Джонни» деген лақап аты бар Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортун шет мемлекеттің аумағында ұсталды» деді адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов.
2015 жылы ҚР Ішкі істер министрлігі Нигериялық азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғаған. Нұрмағамбетов толық ақпарат алу үшін ҚР Ішкі істер министрлігіне адвокаттық сауал жолдаған.
Еске салсақ, қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбай Қытайдың Гуанчжоу қаласы әуежайында 2014 жылдың наурыз айында ұсталды. Таныстарының айтуынша, ол Алматыдан Қытайға аттанған. Сол кезде белгісіз азаматтар бойжеткенге Гуанчжоудан Малайзияға бренд киімдерін тасымалдауға ұсыныс жасап, сол үшін қомақты қаражат төлейміз деп уәде берген. Ақжарқын Гуанчжоу әуежайында ұсталған. Оның сөмкесінен есірткі табылды. Ақжарқын есірткі туралы мүлде білмейтінін алға тартты.
Ол кезде Нигериялық есірткі трафигін ұйымдастырушылар әлі ұсталмаған болатын.
2015 жылдың маусымында Гуандун соты Қазақстан азаматшасын өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2018 жылы сот істі қайта қарауға жіберді. Алайда кейінірек оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы туралы сот үкімі өзгеріссіз қалды. Аппеляциялық инстанция 2020 жылдың тамыз айында Ақжарқын Тұрлыбайдың үкімін тағы да өзгеріссіз қалдырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық