Аңыз ұшқыш Талғат Бегелдиновке елордада ескерткіш орнатылды
Елордадада Жеңіс күні қарсаңында аты аңызға айналған әскери ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бегелдиновке ескерткіш орнатылды.
Салтанатты іс-шараға Талғат Бегелдиновтың қыздары Галина мен Райхан, Қарулы Күштер ардагерлері, қоғам өкілдері, «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер қозғалысы және әскери қызметкерлер қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ескерткіш Сарыарқа ауданы әкімдігінің алдындағы даңғылда орналастырылды. Мүсін қоладан, тұғыры граниттен жасалған.
— Талғат Жақыпұлы Бегелдиновтың бүкіл өмірі – баға жетпес ерлік пен батылдықтың, кәсібиліктің және Отанға деген адалдықтың үлгісі. Соғыс жылдары ол Ил-2 шабуылдаушы ұшағымен 305 шабуыл жасады. Бұл 500 сағаттық ұшу. Оған ең маңызды тапсырмалар берілді. Ол барлық тапсырмаларды асқан шеберлікпен, ешбір шығынсыз орындап отырды. Ерліктері үшін Бигелдинов Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, Красная Звезда, ІІІ дәрежелі Даңқ, I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды, екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, - деді Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев.
Жеңіс үшін өз өмірін қатерге тігіп, соғыстың отты кезеңін бастан өткерген Талғат Бегелдиновтың ерлігі Қазақстан мен Ұлы Отан соғысының тарихына мәңгі жазылды, деп атап өтті әскери кафедра. Атақты ұшқыш Талғат Бегелдинов Калинин, Воронеж, Степной, Бірінші және Екінші Украина майдандарында аянбай шайқасты.
1944 жылы Знаменка мен Кировоград қалаларын азат ету кезінде көрсеткен батылдығы мен жауынгерлік шеберлігі үшін, жау әскері КСРО-ның мемлекеттік шекарасына кіре бастаған кездегі әуе шайқасында атып түсірген жау ұшақтары үшін және жердегі әскерге көмек көрсеткені үшін Кеңес Одағының Батыры атағын және алғашқы «Алтын жұлдызды» алды.

Талғат Бегелдинов екінші Алтын Жұлдыз медалімен 1945 жылы маусымда Польша мен Германия қалалары үшін шайқаста жау әскерлеріне шабуыл кезінде эскадрильяны әскери шеберлікпен басқарған ерлігі үшін марапатталды.
Соғыстан кейінгі жылдары ол әскери және азаматтық авиацияда жұмыс істеді, қоғамдық жұмыстармен айналысты. Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында Талғат Бегелдинов Қарулы Күштердің қалыптасуы мен дамуына, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне белсене араласты.
Бүгінде оның есімін Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты мен «Жас Ұлан» Қарағанды республикалық мектебіне берілген. Аты аңызға айналған батырға ескерткіштер осы оқу орындарының аумағында орнатылды, курсанттар мен ұландар оның өмірбаяны мен жауынгерлік жолын қызыға оқиды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық