Ақын-жазушылар Арон Атабекті босату жайлы Тоқаевқа хат жазды
Бір топ ақын-жазушы түрмеде отырған белсенді, ақын Арон Атабекті босатуды сұрап, хат жазды. Хаттың мәтіні Abai.kz сайтында жарияланды.
- ... Жан азабы өз алдына, түрмедегі қинау мен азаптаудың алуан түрін басынан кешірген Арон Атабектің денсаулығы бірнеше жылдан бері күрт нашарлап кетті. Жасы 70-ке таяған қарттың екі қолы мүлдем көтерілмейді, жүректің ишемиялық (жүрек қан тамырларының тарылуы) ауруы, қан қысымы, бүйрек-өкпе, буын ауруларына, одан да басқа дерттеріне қоса өміріне қауіп төндіретін, түрме жағдайында емделуге келмейтін кеселдерге душар болды. «Көзімнің тірісінде қадірле мені!.. Өлгесін басыма көк тас қойып, құрметтеп керек емес!» деген екен бір қарт назаланып... Сол айтпақшы, халық батырын көзі тірісінде бостандыққа шығарып, денсаулығын түзетуге жағдай жасасаңыз нұр үстіне нұр болар еді. «Елім - қазағым!» деп жанын шүберекке түйген батырымыздан тас зынданда айрылып қалсақ, арымызға сын болары хақ! Ұрпақ алдында ұятты болмайық, Президент мырза!», делінген хатта.
Хатта ақынның денсаулығы күрт нашарлап кеткенімен қатар, оның 2006 жылы әйгілі «Шаңырақ» оқиғасы бойынша жалған жаламен 18 жылға итжеккенге айдалып кеткені айтылған.
2020 жылдың 25 желтоқсанында жазылған хаттың соңына - Ұлықбек Есдәулет, Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуезов, Бақыт Беделхан, Амантай Асылбек, Гүлжан Ерғалиева, Талғат Айтбай қол қойған.
Жіберілген хатқа президент әкімшілігінен әзірге жауап болмаған.
Хатқа қол қойғандардың айтуынша, саяси санасы жоғары, ұлт ақыны Аронды босату керек, оны түрмеде азаптап, отырғызып қою – күнә.
2006 жылғы 14 шілдедегі «Шаңырақ» оқиғасында заңсыз соғылған деген үйлерді бұзуға келген полиция күштеріне қарсылық көрсетіп, қақтығысып, нәтижесінде 24 жастағы полицей қайтыс болған. Билік оның өліміне бірқатар жергілікті тұрғындарды және сол күні Шаңырақта болған ақын, әрі белсенді Арон Атабекті айыптаған. Атабек 18 жылға, Құрманғазы Өтегенов 16 жылға, Ерғанат Тараншиев 15 жылға, Рүстем Тұяқов 14 жылға сотталды.
Арон Атабек түрмедегі жылдарының бәрін өзі тұратын Алматыдан тысқары жерде өткізді. Павлодар тергеу абақтысына оны 2014 жылдың сәуірінде ауыстырған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық