Ақтауда жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде келіншек пен баласын қағып кетті
Ақтауда Toyota Land Cruiser жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан келіншек пен баласын қағып өлтірді.
Лада басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиға 20 желтоқсанда 16-19-шы ықшамаудандар арасында болған. Полицейлер диспетчерлік қызметке қоңырау кешкі сағат 23:45-те түскенін айтты.
«Toyota Land Cruiser жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Салдарынан 29 жастағы әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды» деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Бес жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілген, бірақ ол да есін жимастан көз жұмды.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелді.
Құқық қорғаушылар тергеу жүріп жатқанын айтты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық