Ақтаудағы «итбалық» жағалауда құлап жатыр
Lada.kz
Табиғатқа жаны ашымайтын адамдарға қарсылық ретінде орнатылған құрылымның бөлшектері шашылып қалу алдында тұр.
Жағаға шығып қалған итбалықты таяқпен ұрған жағдайдан кейін орнатылған бұл құрылымға небәрі алты ай болды. Бірақ осында келетін демалушылар «итбалықтың» қабырғасы ыдырап тұрғанын көрген.
«Сырт көзбен қарағанда сәулет нысаны өте нәзік. Мен ата-аналардың балаларына оның үстіне шығып секіруге қалай рұқсат беретінін елестете алмаймын. Тағы біраз осылай жағдай орын алса, бұл нысанды есептен шығаруға тура келеді. Бұл жағалаудың көркі, оған құрметпен қарау керек» деп келтіреді Lada.kz жергілікті тұрғын Бауыржанның сөзін.
Қалалық әкімдіктің түсіндіруі бойынша: «Итбалық» шағын сәулет нысанын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысы бойынша «Clover Media» ЖШС орнатқан. Қазірдің өзінде мердігерге кемшіліктерді жою жөнінде тапсырма берілген.
«Итбалық» Ақтау жағалауында 2022 жылдың қаңтар айының соңында пайда болды. Аталған компания қаланың эстетикалық келбетін жақсарту мақсатына бөлінген 300 миллион теңгелік тендерді ұтып алды. Сонымен қатар компания ескерткішті өз қаражатына орнатқанын жеткізді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық