Ақтаудағы ереуіл: Компания қызметкерлерге жалақыны 30%-ға көтеруді ұсынды
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС басшылығы компания қызметкерлерімен мәселелерді шешу үшін энергетика министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігін тартады.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қызметкерлері компания басшылығынан жалақыны, мереке күндеріне сыйақыны 100% арттыруды және еңбек жағдайларын жақсартуды талап еттіп жатыр.
Татуластыру комиссиясының отырысы оң нәтиже бермеді, одан әрі шешім энергетика министрлігімен және Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп қабылданады.
«Өндірістік сала қызметкерлерімен айтылған жылдар бойы жинақталған проблемалық мәселелер бір күнде шешілмейді. Осыған байланысты алдағы уақытта осы мәселелерді толық шешу бойынша жұмыс энергетика министрлігімен, Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп шешілетін болады. Қазіргі уақытта басшылық құрамнан басқа қызметкерлерге жалақыны 30% – ға арттыру және кейбір айтулы мерекелерге сыйақы беру мәселелері шешілуде» делінген компания хабарламасында.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» басшылығы жұмысшыларға қайта жұмысқа оралуды ұсынды. Ол талап қойғаны үшін ешкім қудаланбайды деп сендірді. Бұдан басқа, басшылық пен өндірістік жұмысшылар арасында тұрақты тікелей байланыс орнату жоспарланып жатыр.
Еске түсірейік
Ақтау қаласында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қызметкерлері басшылықтан жалақыны көтеруді бірнеше рет талап еткен. 2 ақпанда жұмысшылар наразылық акциясына шықты, олар аймақтағы өмір сүрудің қымбаттығына наразылық білдіріп, жалақының 100% өсуін талап етті.
Содан кейін компания өкілдері мерзімі өткен дебиторлық берешекке байланысты барлық талаптарды орындай алмайтындықтарын түсіндірді.
«Бүгінгі таңда «МАЭК» компаниясы электр энергиясын, жылу энергиясын, ауыз суды, ыстық және техникалық суды жеткізу бойынша көрсетілген қызметтер үшін 9,7 миллиард теңге сомасына, 3,5 миллиард теңге мөлшерінде кредиттер бойынша төлемдерге мерзімі өткен дебиторлық берешегі бар» деп хабарлады компания.
7 ақпанда кәсіпорын қызметкерлері тағы да наразылық акциясына шықты. Кәсіпорын басшылығы жауап ретінде жалақыны 30% - ға көтеруді, қызметкерлерге мереке күндері сыйлықақы беруді және тоқсандық сыйақы төлеуді ұсынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық