Ақтауда көп балалы аналар тегін баспана сұрап, жолды жауып тастады
Фото: Даниал Окасов
Ақтауда бір топ әйел қала орталығындағы жолды жауып тастады. Олар жалдамалы баспаналарын жекешелендіруге рұқсат етілмегеніне наразылық танытуда.
Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Белгілі болғандай, митингіге қатысушылар Ақтаудан жалға берілетін баспана алған Жаңаөзен қаласының тұрғындары екен.
Олар бұған дейін әкімдіктен бұл баспананы жекешелендіруге рұқсат беруді талап еткен болатын. Облыс басшылығы бұған Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы жол бермейтінін түсіндірді. Комиссия құрылып, оған наразы тұрғындар шақырылды. Бүгінгі таңда комиссияның екі отырысы өтіп, айтылған талаптарды зерделеуде.
Осыған қарамастан 8 ақпан күні кешкісін Маңғыстау облысының әкімдігіне үш он шақты наразы әйел келіп, комиссия отырысын жалғастыруды талап етті.
«Алған жауапқа қанағаттанбаған олар облыс әкімдігінің алдындағы жолды жауып тастады. (...) Олар облыс әкімдігінің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жазған ресми хатының көшірмесін талап етті» деп хабарлады баспасөз қызметі.
Шерушілерге олардың әрекеттері қоғамдық тәртіпті бұзғаны айтылды. Полицейлер жолды босатып үлгерді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық