Ақтауда анасы баласын соққыға жығып, үстін темекімен күйдірген
Фото: Лада
Ақтау тұрғындары ішімдікке салынып кеткен шешені ата-ана құқығынан айыруды сұрап жатыр. Себебі, екі жасар қыздың өміріне қауіп төніп тұр.
Бұл туралы Orda.kz Ладаға сілтеме жасап хабарлады.
Белсенді Венера Қалменованың айтуынша, жауапсыз ана төртінші ықшамаудандағы бесінші үйде тұрады. Желіден тіпті көршілері мен әйел арасындағы жанжал түсіп қалған видеоны көруге болады. Онда мас әйел қолындағы баласымен азаматтық некедегі күйеуімен тұратын үйіне кіре алмай тұр.
Көршілерінің айтуынша, қызы туылғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, әйел баланы досына қалдыра бастаған. Ол алдымен көмектесуге келісіп жүрген, бірақ кейін жас ана тәулік бойы жоғала бастаған. Нәтижесінде бала не көлік жуу орнынан, не ерлермен саяжайда табылған.
Ақтаулықтар осының бәріне куә болып, қорғаншылық және қамқоршылық органдарына хабарласуға мәжбүр болды. Бірақ олар баланы алып кетпей, маскүнем анасының жанында қалдырған.
– Мен баланың денесінен соққы мен күйік іздерін көрдім. Баланың үстіне темекі сөндірген. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор мұны көрді. Қыз бала үнемі аш. Қорғаншылық органдары мұның бәрін көріп, баланы уақытша анасынан алып кетті, бірақ артынша қайта берген. Неге билік қол қусырып отыр? Түсінбедім... Баланы анасынан қорғау керек. Оның өмір сүруі дұрыс емес, үйіне жиі ер адамдар кеп тұрады. Олар баланы зорлап кетуі мүмкін ғой, - деді белсенді.
Венера өзінің сөзін растау үшін қыздың денесінде ұрып-соғу іздері бар екенін көрсететін акт ұсынды.

Екінші жантүршігерлік видео
Артынша ол маскүнем ананың баласымен жол бойында жүріп, құлаған видеосын ұсынды. Жанындағы ер адам оған есін жинауға көмектесті.
Оқу бөлімінің сектор меңгерушісі Жұлдыз Ағманова қорғаншылық және қамқоршылық органдары 2021 жылдың қыркүйегінен бастап бұл мәселемен айналыса бастағанын айтты. Бірақ баланың жүйелі түрде соққыға жығылып жүргенін жоққа шығарды.
– Баланы ұрып-соқпаған. Анасы балаға қиянат жасамаған. Осы уақытқа дейін бізге бұл отбасына қатысты ешқандай шағымдар түспеді. Ол - жалғызбасты ана. Жалдамалы пәтерде тұрады. Әйелдің 2 жасар қызынан басқа үлкен баласы бар, бірақ ол әкесінің қамқорлығында. Біз бұл әйелдің ата-ана құқығынан айыру туралы материалдар жинадық. Ол 10 қыркүйекте комиссияда қаралды, бірақ келіншек комиссияға келмеді. Аға лейтенант, ювеналды полиция бөлімінің қызметкері Темиров Сәтжан оны іздеп, таба алмады, - деп түсіндірді Ағманова.
Шенеуніктің айтуынша, енді олардың алдында комитет отырысына қатысатын әйелді табу міндеті тұр. Қыздың биологиялық әкесі кім екені белгісіз. Басшының айтуынша, қорғаншылық органдарына бір әйел келіп, баланың әкесі туралы айтты. Олар әкелікті анықтау үшін сотқа жүгінді.
Бала уақытша ауруханада болады. Соңғы шешім қабылданғанға дейін қыз балалар үйіне ауыстырылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық