Ақтауда 9-сынып оқушысы мектеп әжетханасында таяқ жеп, ауруханаға түсті
Ата-анасының айтуынша, қатар оқитын басқа сынып оқушылары баладан ақша бопсалаған. Ақша төлеуден бас тартқан соң оны мектеп әжетханасында ұрып-соққан.
Дәрігерлер жасөспірімге бас миының гематомасы мен жақ сүйегі сынған деген диагноз қойған. Баланың жағдайы ауыр деп бағалануда. Дәрігерлердің болжауынша, 14 жастағы жасөспірім ауруханада кем дегенде тағы екі апта болады.
КТК телеарнасына берген сұхбатында оқушының анасы Бибігүл Жонабаева ұлының әдеттегідей таңертең сабаққа кеткенін айтты. Біраз уақыттан кейін анасына телефон арқылы баласының соққыға жығылғаны хабарланған.
— Қосарлас сыныптың бірнеше оқушысы сабақ үстінде оны шақырады. Белгілі болғандай, бұл олардың баламнан ақша бопсалаған бірінші жағдайы емес. Ол тіпті сыныптан шығып, асханаға кіруге қорыққан. Төлеуден бас тартқан баламды мектеп әжетханасында ұрып-соғады. Баламызды мектепке сау жібердік. Енді бұған кім жауап береді? – дейді ана.
Ата-аналар мұғалімдер мен мектеп инспекторы қайда қарап жүргеніне таңданды. Сонымен қатар бейнебақылаудың неліктен оқиғаны тоқтатуға көмектеспегені де белгісіз.
Мектеп директоры Зарухан Мамутова мектепте 36 бейнебақылау камерасы орнатылғанын айтты. Әрбір жазба бір ай сақталады екен. Бірақ әжетханаларда камера жоқ.
— Бізде профилактикалық іс-шаралар өткізілген сайын оқушыларға мінез-құлық ережелерін түсіндіреміз. Бұрын біздің мектепте мұндай жағдай болмаған. Сондықтан қазір біз ювеналды полицияның қатысуымен жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткіздік, - деді директор.
Баланың туыстары мектеп басшылығын жауапқа тартпақ болған. Бірақ білім ордасы бұл жағдайға өздері де таңғалғанын айтты. Олардың айтуынша, бұған дейін ата-аналардың ешқайсысынан бопсалау және жасөспірімдер арасындағы жанжал туралы арыз түспеген. Осы оқиғадан кейін жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.
Оқушыны соққыға жығу ісін енді кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комитет қарайтын болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық