Ақтауда 15 млн теңге жұмсалған пластик қызғалдақтар «солып» жатыр
Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде туристерді тарту үшін жасалған «Гүлдер алаңының» сапасыз екендігін, қазір оның біртіндеп қирап жатқанын айтып наразылықтарын білдірді. Арнайылап «егілген» пластик қызғалдақтардың бір бөлігі қирап қалған, ал инсталляцияның электр сымдары кей жерлерде дұрыс оқшауланбаған.
Бұл туралы Orda.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтауда 15 миллионнан астам бюджеттік теңгеге пластикалық қызғалдақтардан жасалған «гүлдер алаңы» инсталляциясы әлеуметтік желі пайдаланушыларының наразылығын тудырды. Жергілікті тұрғындар «гүлдер алаңындағы» пайдаланылған материалдардың сапасы нашар екенін айтып шағымданады.
Сайт журналисі пластик қызғалдақтарды 24 қазан күні суретке түсіріп алған. Оның бір бөлігі қирап қалғанын байқауға болады.
Дұрыс бекітілмеген электр сымдары

«Солған» қазғалдақтар

Еске салайық, Ақтаудағы «Ынтымақ» алаңындағы көгалдардың орнына бюджеттен 15 404 000 теңгеге пластикалық «гүл алаңы» орнатылды. Әкімдікте хабарлағандай, сәндік жарықтандыру жұмыстарын «Clever media group» ЖШС жүргізген, онымен Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі 16 қыркүйекте шарт жасасқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық