Ақтау әуежайын ҰҚК шекара қызметі күзетеді
Қауіпсіздік күштері паспорттық бақылау мен бақылау-өткізу пунктіне жұмылдырылған.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Ақтау халықаралық әуежайын күзету жауапкершілігін өз мойнына алды.
Ақтау халықаралық әуежайының бас директоры міндетін атқарушы Меруерт Жолдыбаеваның айтуынша басшылық әуежай стратегиялық нысан болғандықтан қауіпсіздік шараларын күшейту туралы шешім қабылдаған.
Қазіргі уақытта Ақтау әуежайында Арнайы мақсаттағы мобильді операциялар басқармасының (АММОБ) арнайы дайындалған қызметкерлері жұмыс істеуде. Олар аумақтағы нысандар мен адамдарды қорғайды.
«ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Арнайы мақсаттағы жылжымалы іс-қимыл басқармасының жеке құрамы Ақтау әуежайындағы мемлекеттік маңызы бар нысанды күзетумен қатар, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде» деді ведомство басшысы. Бұл туралы АММОБ басшысы Мереке Аймағанбетовке сілтеме жасап аймақтық Lada басылымы хабарлады.
Арнайы мақсаттағы жылжымалы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері төлқұжаттық бақылауға, бақылау-өткізу пунктіне, сондай-ақ Қазаэронавигация мұнарасына жұмылдырылған.
Еске салайық, 4-7 қаңтар аралығында Ақтау әуежайы төтенше жағдайға байланысты рейстерді тоқтатқан болатын. Ғимаратта әуежай қызметкерлері болған. Тоқтатылған рейстердің жолаушылары әуежай қонақүйіне орналастырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық