Ақтау мен Жаңаөзендегі шерушілер Тоқаевтың келуін және Маминнің отставкаға кетуін талап етуде
Коллаж Orda.kz
Батыс Қазақстан тұрғындары газ бағасының қымбаттауына байланысты шеруін жалғастыруда. Олар азық-түлік бағасын төмендетуді, жалақыны көтеруді, несиелерді қайта қаржыландыруды және жұмыссыздық мәселесін шешуді талап етуде.
Ақтау мен Жаңаөзендегі шерушілер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аймаққа келуін талап етуде. Бұған қоса, шерушілер премьер-министр Асқар Маминді отставкаға кетуге шақыруда. Жиналғандар мемлекет басшысы екі сағаттың ішінде Маңғыстау облысына келмесе, ертең жұмысқа келмейтіндерін айтты.
Шеруге не түрткі болды?
2 қаңтардан бастап Маңғыстау облысында газ бағасының қымбаттауына байланысты наразылық толқыны орын алды. Жаңаөзендегі кішігірім ереуіл аймақтан тыс жерлерге тараған жаппай наразылыққа ұласты.
Алдымен Жаңаөзендегі митингіге жүздеген көлік иелері көшеге шықты. Олар стихиялы наразылықтарда 1 қаңтардан бастап литрі 100 теңгеден 120 теңгеге қымбаттаған сұйытылған мұнай газының бағасын төмендетуді талап етті. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев алдымен Жаңаөзенде, кейін Ақтауда наразылық білдірушілермен кездесті. Ол жиналғандарды сабырлы болуға, арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды. Ол өз сөзінде облыстағы жанар-жағармай құю бекеттері газдың литрін 85 теңгеге дейін төмендеткенін де тілге тиек етті. Алайда ол халықтың газды 50 теңгеге дейін төмендету талабын қанағаттандыру мүмкін емес, себебі бұл өзіндік құнынан төмен және бұл елде газ тапшылығына әкеліп соғады деп түсіндірді.
Шерушілер шеруін жалғастырды. Қаламқастан Ақтауға 300 вахталық жұмысшы жаяу келді. Сонымен бірге, 4 қаңтар күні Ақтауда алаңда өткен митингіге қатысушылардың саны 16 мыңға жетті. Ал, шаһарда үкіметтік комиссия жұмысын бастады. Ақтауда шеруге шыққандарға билік өкілдері шықпады. Адамдар шеңбер құрып, микрофон арқылы өз пікірлерін айтты. Шерушілердің негізгі талаптары – газ бағасын төмендету, наразылық білдірушілердің жалақысын көтеру, жұмыссыздық мәселесін шешу және несиені қайта қаржыландыру. Жиналғандардың көпшілігі жұмысқа барудан бас тартты. Жаңаөзен мен Ақтауда шерушілер үкіметтің отставкаға кетуін талап ете бастады. Олар: «Қазақстан парламенттік республика болуы керек!» деп ұрандатты.
Құрамына президент әкімшілігінің жауапты қызметкерлері кірген үкіметтік комиссия мүшелері бастамашыл топпен келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдады. Олар әкімдік ғимаратында жабылып, туындаған мәселелерді шешудің мүмкіндіктерін талқылап жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық