Қаңтардағы шеруде «Шал, кет!» деп ұрандаған белсенді үш жылға сотталды
Фото: Азаттық
Қаңтар оқиғасы кезіндегі шеруде «Жаңаөзенді қолдайық! Шал, кет!» деп ұрандатқан белсенді Молдабай Сәдібеков үш жылға түрмеге қамалды.
Азаттық мәліметінше, 6 маусым күні судья Мадияр Әбдірәсілов Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-3 бөлігі («Жаппай тәртіпсіздікке қатысу және шақыру») бойынша айып тағылған шымкенттік белсенді Молдабай Сәдібековті қылмысқа кінәлі деп танып, үш жылға бостандығынан айыруға үкім шығары.
– Тағылған айып өз дәлелін тапты, қылмыс жаппай тәртіпсіздік кезінде жасалған. Бір оқиға екі баппен сараланған соң, «Билік өкіліне күш қолдану» бабын алып тастадық, – деді судья.
Айта кетейік, сот үкімі күшіне енген жоқ, екі тарап апелляция шағымын беруге құқылы. Сәдібеков бейбіт митингіге шыққанын растап, бірақ оның аяғы жаппай тәртіпсіздікке ұласады деп ойламағанын айтты.
– Шал, кет! дедім, Жаңаөзен халқын қолдадым. Оны мойындаймын, – деді ол сот тергеуінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық