Қаңтарда қайтыс болған 12 жастағы Сұлтанның анасы Тоқаевқа талап қойды
Қаңтар қырғыны кезінде қапыда 12 жастағы баласынан көз жазып қалған Гаухар Керімбекова баласының өліміне ешкімнің назар салмағанын айтып Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.
2022 жылдың 5 қаңтар күні небәрі 12 жастағы Қылышбек Сұлтан Еркінұлы анасының көз алдында оққа ұшты. Қайғыдан қан жұтқан ананың айтуынша, ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек БАҚ өкілдеріне оқиға түнгі 23:00 шамасында орын алды деп айтқан. Шын мәнісін қайғылы жағдай 20:49-да Әуезов аудандық ІІБ-нің маңында болған.
– Кісі өлтіру болған ауданда сол уақытта ешқандай митинг, тәртіпсіздік болып жатқан жоқ еді. Менің білуімше «Ескертусіз оқ ату» деген бұйрық та шықпаған, ол бұйрық кейінірек берілді. Онда неге атты? Біздің елімізде өз еркімен оқ ата беруге рұқсат берілген бе, оның үстіне балаларға? Сол күні мен өз ұлыммен банкоматқа шықтым, жолай дүкенге кіру керек еді, қалаға емес, аулаға шықтық. Дүкен Әуезов ауданының ІІБ-не қарсы бетте орналасқан. Сол ІІБ шатырынан оқ атыла бастады. Менің баламның, менің отбасымның кінәсі не? - дейді етегі жасқа толған Гаухар Керімбекова.
Аталған оқиғадан бері 50 күн уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қара жамылған отбасына көңіл айтқандар табылмапты. Құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі мен шақыруға келмеген жедел-жәрдем қызметкерлері де кешірім сұрап келмеген. Бірінші рет үндеу жасаған соң Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев телефон арқылы хабарласып, көңіл айтқан. Марқұм Сұлтаннан басқа үш баланы асырап отырған ана үкіметтің жауапкершілігі жоқтығын айтып ашынады.
– Үкімет! Менің балам лақтырып немесе ұмытып кететін зат па еді? Мына қатынастарыңыз қалай аталады? Жалпақ тілмен айтқанда: «Бізге бәрібір!». Бейкүнә баланың басынан атып, аяусыз өлтірді. Бұл біздің отбасымыздың ғана емес, бүкіл елдің трагедиясы деп есептеймін. Жақында мақала оқыдым, ол жерде сіздің жас шахматшымен кездескеніңіз жазылыпты. Сонда менің ұлым ерекше көңіл бөлуге лайықты емес па? - деді ана президент Тоқаеқа үндеуінде.
Гаухар Керімбекова балаларының психологиялық тұрғыдан шок алғанын, олардың бауырын неге өлтіргені туралы сұрақтарына қалай жауап берерін білмейтінін айтады. Себебі оның жауабын өзі де білмейді.
– Сіз балаларыңыздың азап шеккенін, тоқтаусыз көз жасын, жағдайын, тамақтанудан қалғанын көру қандай ауыртпашылық алып келетінін білесіз бе? Менің қызыма медициналық қызметкерлерді жек көрудің қажеті жоқ екенін қалай түсіндіруге болады? (өйткені, ол енді оларды жек көреді). Оған көшеде мектепке баруға болатындығын, оларға бұдан былай оқ атылмайтынын қалай түсіндіруге болады? - деді ол.
Үкіметтен қолдау болмаған соң бауыр еті баласынан айрылған ана президентке үш талап қойды. Олар:
1. Егер «Алматы трагедиясында» қаза тапқандарды еске алу үшін мемориал тұрғызылса, 07.12.2009 жылы туған ұлым Еркінұлы Сұлтанның аты жазылу керек. Жазықсыз қайтыс болған баланың есімі көрсетілсін;
2. Мүмкін барлығына бәрібір шығар, бірақ менің ұлым мен үшін «Қаһарман». Менің ұлыма өлімнен кейінгі медаль берілсін;
3. Біздің отбасымызға келтірілген моральдық залал үшін өтемақы төлеңіз. Біздің шығынымызға баға жоқ, ол орны толмас. Бірақ тағы үш балам бар, мен олардың болашағы туралы ойланып, бізге пәтер беруді талап етемін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық