Қаңтар қырғыны кезінде 18 жастағы сарбазды көпірден лақтырып жіберген
Фото: Orda.kz
Бас прокуратураның бірінші қызметі бастығының орынбасары Елдос Қылымжанов Қаңтар қырғыны кезінде қарусыз сарбазды көпірден лақтырып жібергені туралы ақпаратпен бөлісті.
Қаңтар қырғыны себебін анықтай келе прокуратура бастапқыда халықтың бейбіт митингке шыққанын растаған. Кейін жағдай қара пейілді топтың қолына өтіп қауіпсіздік қызметіне түрлі кедергілер келтірілген.
«Қаңтар оқиғасының себебі мен салдарын анықтай келе бастапқыда азаматтар бейбіт шеруге бара жатқанын көруге болады. Содан кейін бастаманы тәртіпсіздік пен қиратулар ұйымдастырған қылмыстық және деструктивті күштер қолға алды. Олар мемлекеттік билікті басып алу мақсатында терроризм актілерін жасады.
Қылмыскерлер мемлекеттік органдар нысандарына арнайы шабуыл жасап, түрлі аймақтарда жаппай тәртіпсіздік жасаған.
Осы арқылы олар қосымша құқықтық тәртіп күштерінің келуіне жол бермеуге тырысты. Қауіпсіздік күштерінің сырттан келуі олардың жоспарларына кедергі келтіруі мүмкін деп қорқып, қылмыскерлер теміржолдарды жауып, үш жолаушы және бес жүк пойыздарын тоқтатты» деді Қылымжанов брифингте.
Сонымен қатар Қылымжанов көпірден құлаған 18 жастағы сарбаз туралы айтты.
«Содан кейін олар полиция мен Ұлттық гвардия сарбаздарына шабуыл жасады. Өрт пен қиратулар орын алды. 18 жастағы қарусыз жедел қызмет сарбазын орталық көпірден лақтырған. Ол ғажайыптың арқасында тірі қалды» деді ол.
Ведомствоаралық тергеу тобы 91 істі тергеуде. Оның ішінде: 46 - терроризм актілері бойынша, 45-жаппай тәртіпсіздік.
Сот санкцияларымен - 469 адам қамауда. Осы ауыр құқық бұзушылық бойынша күдіктілерге жазалау шараларын жеңілдету үшін ерекшелік берілген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық