Қаңтар қырғынынан кейін қызметінен кеткен Назарбаевтың туыстары
Жарты жыл бұрын Orda.kz Назарбаевтың әулетіне, олардың табыс көзіне байланысты ақпараттарды жинап, жариялаған еді.
Отбасы мүшелерінің негізгі табыс көзі мемлекеттік қызметтермен тікелей байланысты екені жасырын емес. Алайда, Қаңтар қырғынынан кейін елде көптеген өзгерістер орын алды, отбасы мүшелерін: Нұрсұлтан Назарбаевтан бастап құдаларына дейін мемлекеттік және ұлттық компаниядағы қызметтерінен айырды.
Orda.kz редакциясы қызметінен босатылған экс-президенттің туыстарын бір тізімге жинады:
| Жұмыстан шыққан күні | Аты-жөні | Туыстық байланысы | Қызметі |
| 5 қаңтар | Нұрсұлтан Назарбаев | Отбасы басшысы | ҚР Қауіпсіздік кеңесінің басшысы |
| 7 қаңтар | Самат Әбіш | Сатыбалды Назарбаевтың ұлы, Н.Назарбаевтың інісі | ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары |
| 14 қаңтар | Димаш Досанов | Әлия Назарбаеваның күйеуі, Н.Назарбаевтың күйеу баласы | «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры және басқарма төрағасы |
| 14 қаңтар | Қайрат Шәріпбаев | Дариға Назарбаеваның бейресми күйеуі, Н.Назарбаевтың күйеу баласы | «QazaqGaz» ҰК АҚ Басқарма төрағасы |
| 17 қаңтар | Тимур Құлыбаев | Динара Назарбаеваның күйеуі, Н. Назарбаевтың күйеу баласы | «Атамекен» ҰКП басшысы |
| 18 қаңтар | Әлжан Имашев | Нұрәлі Әлиевтің қайын жұрты, Дариға Назарбаеваның құдасының ұлы | «ҚТЖ-Жүк тасымалы» бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары |
| 26 қаңтар | Ербол Назарбаев | Болат Назарбаевтың болжамды ұлы, Н.Назарбаевтың немере інісі | Антикор агенттігі арнайы департаменті басшысының орынбасары |
| 1 ақпан | Бекзат Үсенов | Құндыз Назарбаеваның күйеуі, Болат Назарбаевтың күйеу баласы | Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы |
| 13 наурыз | Қайрат Сатыбалды | Сатыбалды Назарбаевтың ұлы, Н. Назарбаевтың інісі | «Қазақтелеком» АҚ акционері |
| 28 мамыр | Азамат Жылқыбаев | Эльмира Жылқыбаеваның күйеуі, Анипа Назарбаеваның күйеу баласы | Алматы облысының прокуроры |

Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық