Қаңтар оқиғасында жараланғандар жөнінде үкімет мәліметі екіұшты
Республика алаңында әскерилер. Алматы, 6 қаңтар 2022 жыл. Фото: Валерий Шарифуллин / ТАСС
Қаңтар оқиғасы кезінде және салдарынан медициналық көмекке жүгінгендер саны туралы ресми ақпаратта қайшылық байқалады.
16 қаңтарда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтің «қаңтар оқиғаларында 1726 адам медециналық көмекке жүгінген: 673-і оқ-дәрі, 469 адам пышақталған және тесілген, 431 адам дене жарақатын алған» деген дерек келтірді. Оның сөзінше, қазіргі таңда 273 адам ауруханада емделіп жатыр.
Бірақ Ішкі істер министрлігі баяндаған сан осыдан бір ай бұрынғы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне кереағар.
Төтенше жағдай енгізілген оныншы күні, қаңтардың 15-і ДенМин Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артықшинова 2678 адамның медкөмек алғанын, оның 67-сі реанимацияға түсіп, 265 науқастың ауруханада жатқанын мәлімдеген.
Көп өтпей 18 қаңтарда ОртКом алаңындағы брифингте денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ТЖ режимінің алғашқы екі аптасында 2739 адамның медициналық көмекке жүгінгенін айтқан. Министр тап сол кезде 200 адамның стационарда емделіп жатыр деген.
Уақыт өте зардап шегушілердің қатары ұлғаюдың орнына, керісінше кему себебі белгісіз. Бір ай бұрын хабарланған 2740 зардап шегушішің саны қазір 1726-ға азайтылып айтылды. ДенМин өкілі Артықшинова редакция тілшісіне берген жауабында ІІМ кемітілген деректі қайдан алғанын білмейтінін айтып, «Ажар Ғиниятқызы келтірген 2740 адам деген – ресми ақпарат» деді.
ІІМ баспасөз қызметі берген түсіндірмесінде «бұл (1726 адам – ред.) таза азаматтық тұлғалардың саны, олардың ішіне күштік құрылымдар кірмейді. Егер күштік құрылымдар, бәрін (1013 адам – ред.) қосып есептесе, Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған есеп шығады» делінген.
Әділов мәліметінше, тәртіпсіздік кезінде 3 мыңнан аса әскери қызметкер және құқық қорғау орган өкілі түрлі дене жарақат алған. Олардың медициналық жәрдемге жүгінгені қанша екені айтылмады.
Алғашында бейбіт халық толқуы ретінде басталып, әлдебір арандатушы топтың араласуымен соңы бүлік-қылмысқа ұласқан қаңтар оқиғалары салдарынан кемі 227 адам қаза тапты. Дегенмен билік олардың аты-жөнін, қылмыскері мен бейбіт азаматтардың тізімін, кімнің оғынан өлтірілгенін жарияламай келеді. Сол сияқты жараланғандар жайлы ресми ақпарат та нақты емес.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық