Қаңтар оқиғасында ауыр қылмыс жасамағандарды босату керек – депутат
Мәжілісте «Ақ жол» фракциясының депутаты Берік Дүйсембинов қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ауыр қылмыс жасамаған адамдарды тергеу абақтысынан босатуды талап етті.
– 4-5 ақпанда Мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 32-бабына сәйкес қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде тергеу изоляторларында ұсталған азаматтарға барды, сондай-ақ олардың туыстарымен кездесті. Бізге қамауға алынғандардың ісін әділетті түрде қарап, жазықсыздарды босату туралы 70-тен астам өтініш түсті. Сонымен қатар, телефоным әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін маған күн сайын осындай ондаған өтініштер түсіп жатыр, - деді Дүйсембинов сәрсенбі күні өткен мәжіліс отырысында.
Оның айтуынша, ұсталғандардың кейбірі содырлар қару қолданып, оларды көпшілікке қосылуға мәжбүрлегенін айтады.
– Ұсталғандардың кейбірі көпшіліктің ықпалымен заң бұзғанын, дүкендерді талқандағанын, киім-кешек немесе телефон ұрлағанын мойындайды. Бүгінде олардың көпшілігі тәубе етіп, арандатушылыққа ұшырағанын түсінеді. Кейбіреулер жан түршігерлік қылмыстар мен адам өлтіру басталғанда үйіне кетуге әрекеттенгенін, бірақ белгісіз содырлар оларды қарумен қорқытып, кетуге мүмкіндік бермей, тәртіпсіздіктерге қатысуға мәжбүрлегенін айтады. Біз изоляторларда радикалды ағым өкілдерін де көрдік. Тұрғын үйлердің терезелеріне пулеметтен оқ ату, мемлекеттік мекемелерді басып алу, қызметкерлердің шабуылдары мен үрейі туралы бейнежазбалар көпшілік назарында. Мұндай фактілер мен материалдармен, әрине, тергеу айналысуы керек, - деп атап өтті депутат.
Депутат бейбіт тұрғындарды экстремистер мен қарақшылардан ажырату қаншалықты маңызды екенін айтты.
– Қазір қалыптасқан жағдайдан шығу, бейбіт тұрғындарды экстремистерден, қанішерлер мен қарақшылардан ажырату үшін біз туыстарының арыз-шағымдары бойынша жұмыс істейтін парламенттік комиссия құруды (Мәжіліс және Сенат депутаттарының, барлық фракциялардың қатысуымен) ұсынамыз, - деп қосты Дүйсембинов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық