Қаңтар оқиғасында қару-жарақ пен таяқ таратқан бүлікшілер ұсталды
Бас прокуратура Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысты тергеу амалдары қалай жүріп жатқанын айтты.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан Алматы қаласының төрт тұрғыны анықталды, оның ішінде біреуі кәмелет жасқа толмаған.
2022 жылдың 5 қаңтарында бұл адамдар басқа қылмыскерлермен бірге Lexus GS300 автокөлігімен қаланы аралап жүріп, «Анна» қару-жарақ дүкенін тонап кеткен.
– Ұрланған қарулар сол көлікпен Республика алаңына жеткізіліп, бүлікшілерге таратылды, - делінген министрліктің сайтында.
Сонымен қатар, 5 қаңтарда «Газель» автокөлігімен Алматы көшелерімен жүріп келе жатқан Алматы қаласы мен Алматы облысының бес тұрғыны сол жерден өтіп бара жатқан бүлікшілерге өздері жасаған темір кесінділерін таратып бергені анықталып, ұсталды.
– Кейін қылмыстық жауаптылықтан құтылу мақсатында жоғарыда аталған қылмыскерлер кейбір сыртқы бөлшектерін бояп, көліктіерін өзгертуге тырысқан. Сот 8 ұсталғанға қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады. Кәмелетке толмағандар ата-анасының жеке кепілгерлігімен босатылды. Бүгінгі күні тергеу жалғасуда, олардың жаппай тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстарды жасауға қатыстылығы анықталуда, - делінген хабарламада.
Бас прокуратураның мәліметінше, кәмелетке толмаған бала ата-анасының кепіл болуына байланысты босатылған.
– Кәмелетке толмаған бала ата-анасының жеке кепілдігімен босатылды. Бүгінгі таңда тергеу жалғасуда, олардың жаппай тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстарды жасауға қатыстылығы анықталуда, - деп қорытындылады Бас прокуратура.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт