Қаңтар оқиғасында қамалғандардың әлі 669-ы абақтыда
Бұл адамдар Қанды қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторында отыр, деп хабарлады ҚР Бас прокуроры.
Бүгінге дейін тергеу изоляторында 669 адам отыр, деп хабарлады еліміздің бас прокуроры Берік Асылов. Оның айтуынша, ұсталған 56 адамның дене жарақаттары бар. Төрт адам жарақатына байланысты емделіп жатыр. Қалғандары медициналық көмекке мұқтаж емес. Бас прокурор ұсталғандардың қандай жағдайда жарақат алғанын ашып айтпайды.
Кәмелетке толмаған екі азамат қамауда қалды, деп хабарлайды Асылов. Олар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінгені белгілі.
Бұлтартпау шарасы өзгертілгеннен кейін 328 адам тергеу изоляторынан босатылды. Бұл адамдарға сот қандай шектеу таңдағаны да айтылмады.
Халық арасында қанды деп аталып кеткен қаңтардың басындағы оқиғадан кейін Қазақстан қалаларында жаппай тұтқындаулар болды. Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары тәртіпсіздіктерге қатысқан адамдарды ғана емес, бейбіт шерулерге қатысушыларды да ұстаған. Ең үлкен наразылықты адамдардың ауруханаларда ұстау фактілері тудырды.
Полицейлер мен күш құрылымдары өкілдері операциядан кейін жаралылар мен адамдарды тікелей палаталардан алып шығып, абақтыларға тоғытқан. Артынша көпшілігі қамауға алынды. Кейбірі «Аманат» қоғамдық комиссиясы мүшелерінің араласуынан кейін босатылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық