Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған алты адам қайтыс болды - Бас прокуратура
Фото: Ашық дереккөз
Мемлекеттік басылым Қаңтар қырғынынан кейін қамауда отырған алты адамның қайтыс болғаны туралы жазды.
Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров қайтыс болғандар туралы ақпаратты «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында айтып берген.
«Жақында ғана біз тергеуге рұқсат етілмеген анықтау әдістерін қолдану фактілері бойынша қылмыстық істерді қабылдадық. Бұрын оларды тергеумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары айналысқан. Бізге мұндай істердің барлығы берілмеді, тек ауыр зардаптар, дәлірек айтқанда, ұсталғандардың өлімі тіркелген жағдайлар бойынша ғана. Біздің мәліметтеріміз бойынша, мұндай жағдайда Алматы УҰИ-да екі адам, Шығыс Қазақстан облысында үш адам және Талдықорғанда бір адам қаза тапқан» деп хабарлады Ризабек Ожаров.
Сондай-ақ, оның айтуынша, қадағалау органы Талдықорған тұрғынына қатысты үтік қолданып азаптау туралы резонанстық істі алған. Әңгіме Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін бұзуға қатысқан Азамат Батырбаев туралы болып отыр. Арнайы прокурор нақтылағандай, ол әлі де тергеу изоляторында.
«Аталған фактілер бойынша тергеу жалғасуда, істің нәтижелері туралы міндетті түрде хабарлаймыз. Бірақ мұндай қылмыстар жаппай сипатқа ие болған жоқ деп айта аламын» деп сендірді Ожаров.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық