Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген Ақтөбе әкімдігінің ғимараты аңғал-саңғал күйде тұр
Коллаж Orda.kz
Ақтөбе облысының әкімдігі қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қираған есіктерін жамап қойған. Әкімдіктің сынған мүліктері әлі үңірейген күйінде тұр.
Ақтөбе облысының әкімдігі қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген мүліктердің нақты шығынын атады. Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін штаттық режимде жұмыс істеуді тоқтатпаған әкімдік бүлінген мүлік шығынын асықпай есептегенге ұқсайды.
Бүгін Ақтөбе облысы қаржы басқармасының басшысы Нұрлыбек Өнербаев БАҚ өкілдеріне нақты шығын 229, 16 млн теңге екенін айтты. Оның ішінде жөндеу жұмыстары үшін 155 млн теңге, бейне бақылау жүйесін жөндеу, күзет дабылдарын қалпына келтіру және жиһаздарды жөндеуге 37,6 млн теңге, қалған қаржы ұйымдастыру, техникалық жабдықтарды сатып алуға жоспарланған.
«Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган резервінен 215 млн теңге қарастырылды. Іс басқармасы мердігер компаниялармен келісімшартқа отырып, жұмыстар басталып кетті. Жұмыстар сәуір айында аяқталады» дейді Нұрлыбек Өнербаев.
Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбеде көшені, бизнес орталықтарын тонау фактілері тіркелген жоқ.
Айта кетейік, 2 қаңтарда Жаңаөзенде халық сұйытылған газ бағасының 60 теңгеден 120 теңгеге көтерілгеніне қарсы шықты. Кейін Жаңаөзендегі наразылықты елдің басқа аймақтары қолдады. Халық елдегі қымбатшылықты айтып, үкіметке талап қойды. Кейін үкімет құрамы жаңартылып, бірқатар шенеуніктер қызметтен кетті.
Авторы: Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық