Қаңтар кезінде Кәрім Мәсімов Тоқаевқа елден кетуді ұсынған
Қаңтар қақтығысы кезінде ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елден кетуді ұсынған көрінеді. Тіпті бұл үшін арнайы ұшақ та дайындап қойыпты.
Бұл туралы белгілі жазушы Смағұл Елубай «Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
«Қаңтар оқиғасы тұсында ол кісіге (президентке) Кәрім Мәсімов бастаған бір топ келген. Олардың бәрі шенді-шекпенділер. Олар «ана жақта ұшағыңыз дайын тұр, сау болыңыз!» деген.
– Мен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аузынан естіген сөзімді айтып отырмын. Тура осылай айтты. Мен (мемлекет басшысына) 45 күн бұрын кіріп шыққанмын... «Дайын тұр ұшағыңыз. Сау болыңыз» деген ғой. Кейін бұл кісі (Қасым-Жомарт Тоқаев) іске шындап кірісті де, ертеңінде бүкіл билікті қолына алды. Қауіпсіздік кеңесін қолға алды. Оның көптеген процедурасы болатын. Оған қараған жоқ. Президент қаулы шығарды да, билікті қолына алды. Мәсімовті түрмеге отырғызды, – дейді Смағұл Елубай.
Қаламгердің пікірінше, қаңтар оқиғасы кезінде Мемлекет басшысы елді тастап кеткенде, жаппай тәртіпсіздік орнап, соңы азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін еді.
– Сондықтан бұл кісі неде болса ерлік жасады, қорықпады. Егер де ұшаққа отырып Қазақстанды тастап кеткенде не болар еді? Үш күннің ішінде Қазақстан бөлшектеніп кеткен болар еді. Бірден сепаратизм бас көтерген болар еді, бірден азамат соғысы басталар еді. Қаңтар оқиғасы ойыншық болып қалар еді, бүкіл халық көшеге шығар еді, – дейді қаламгер.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық