Ақтөбелік тұрғынның үйі төрт күннен бері су астында тұр
Фото: Orda.kz / Ардақ Ерубаева
Ақтөбелік Жұматай Әкімовтың жалғыз баспанасы су астында тұр. Үйдің ішіне кірсеңіз, үрей билейді. Төрт күннен бері су астында тұрған баспананың қабырғасы бірнеше жерден жарылып, үгітіліп тұр. Едені опырылып кеткен. Пәтердің ішкі көрінісі көңіл құлазытады. Су бетіне қалқып шыққан ұн өнімдері қамыр болып иленіп жатыр.
«Осы баспанаға үш жыл бұрын қол жеткізіп, көшіп келген едім. Несие рәсімдеп, үйдегі техниканың бәрін жаңалап алдық. Бәрі су астында қалды. Ішің удай ашиды. Ыдыс-аяқ, киім кешегіміз сумен ағып кетті. Тұрмыстағы қызыма дайындап жатқан сандықтағы жүк іске аспай қалды. Кімнен көмек сұраймыз» дейді төрт баланың әкесі Жұматай Әкімов.
Отбасы қазір уақытша мектеп ішін паналап жүр. Ауласында асырап отырған қояндарын су ағызып кеткен. Қорасындағы он көжегі мен бес қоянынан да айрылған.
«Қашанға дейін мектепте тұрамыз? Жер кепкесін үйімізге жібереді. Ортасына дейін су астында қалған үйіміз құлайын деп тұр. Біз енді қайда барамыз? «Су келе жатыр» деп ешкім ескертпейді. Тек көршілердің WhatsApp чаты шулап қоя берді. Төмендегі үйден бастап кірген. 15 минуттың ішінде бәрін алып кетті. Киімімізді киіп үлгере алмай қалдық» дейді Жұматай Әкімов.
Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, облыста 119 үйді су басқан. Оның 41-і тұрғын үй болса, 78-і бау-бақша. Саманнан салынған бір үйдің қирағаны ресми тіркелді.
«Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 315 адам эвакуацияланды, оның ішінде 138 бала бар.
6 сәуір күні адамдарды уақытша орналастыру пункттерінде 114 адам, оның ішінде 62 бала бар. Басқа тұрғындар үйлеріне оралды» деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Облыста төрт күннен бері үш елді мекенге барар жол қатынасы қалпына келген жоқ.
Авторы: Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте экс-күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды
- Астанада автобус самокат мінген жасөспірімді қағып кетті
- Садыр Жапаров екінші президенттік мерзімге сайлауға түсу жоспарын жариялады
- Алматыда бір тәулікте 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды
- «Дайвинчик»: Танысуға арналған танымал Telegram-ботына сот арқылы тыйым салынды
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 280-нен асты
- Ауғанстанда 2,4 миллион қыз орта білім ала алмай отыр
- Ақтөбеде мұғалім әйел алаяқтық күдігімен ұсталды
- Күннің тұтылуын тамашалаған Германия халқы көз ауруына шағымданды
- Қазақстанда 276 мыңнан астам вейп тәркіленді
- Тәшиев 2027 жылы президент болуы мүмкін еді: Жапаров өз жоспарын ашып айтты
- Дастан Сәтбаевтың бейнесі АПЛ-дың ресми сайтына қосылды: Ол «Челсиде» қала ма?