Ақтөбелік бес компания Украинаға барған жүк көліктерін шығара алмай қалды
Қазақстандық 50-ден аса жүк көлігі Украина аумағынан шыға алмай тұр. Оның 11-і ақтөбелік бес компанияға тиесілі. Бүгін ақтөбелік кәсіпкерлер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасынан Киевтегі қауіпті аймақта қалған қызметкерлерін шығаруға көмек сұрады.
– Украинадағы жүргізушілермен байланысып отырмыз. WhatsApp, Telegram істеп тұр. Алда қалай болатынын болжаудың өзі мүмкін емес. Біз жүргізушілерді соғыс аумағынан аман алып шығуды сұраймыз. Бір аптадан бері тұрып қалды. Соғыс басталмай кірген еді, – дейді кәсіпкер Берік Жиенқұлов.
Ақтөбеге жете алмай отырған 11 көліктің 9-на жүк тиелген, үшеуі бос.
– Мемлекет қазақстандық тасымалдаушылардың Украина аумағынан шығуы үшін «жасыл дәлізді» қамтамасыз ету жұмыстарын тезірек ұйымдастыруды сұраймыз. Біз шығындар туралы айтып жатқан жоқпыз. Орта есеппен айтқанда бір машинаның құны 100 мың доллар болады. Қазіргі уақытта отандастарымыздың амандығы алаңдатады, – дейді кәсіпкер Рустам Мартасов.
Ал «Атамекен» ҰКП үш күн бұрын министрлікке хат жазылғанын, басқа мемлекеттерден көмек сұралғанын хабарлады.
– 25 ақпанда ҰКП сыртқы істер, сауда министрліктеріне және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ресейлік, белорустық, украиндық, польшалық және басқа да тараптардан ету туралы мәселені пысықтау өтінішімен хат жолдады. Қазір жауап күтіп отырмыз, – дейді «Атамекен» ҰКП-ның Ақтөбе облысы бойынша орынбасары Рулан Күйшинов.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық