Ақтөбедегі халықаралық әуежай екі аптаға жабылады
Коллаж Orda.kz
Ақтөбе әкімдігі әуежайдың қону алаңында жарамсыз тұстардың бар екенін мойындады. Олқылықтарды қалыпқа келтіру үшін күн жылынғанда әуежайды екі аптаға жабу жоспарланған.
Ақтөбедегі Ә. Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолақтарының кейбірі талапқа сай емес. Шұрық-тесік жолдар SCAT әуе компаниясының ұшағын зақымдап үлгерген. Алдағы уақытта жолаушылар өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Қамбаров әуежай алаңында арнайы комиссия жұмыс жасағанын хабарлады. Азаматтық авиация комитеті, Әуе әкімшілігінің өкілдері арнайы келіп, тексеріс жүргізген.
«Жалпы ұшу-қонау алаңы орташа деңгейде. Авиация әкімшілігі ұшу-қону жолағының кейбір бөлігі жарамсыз екенін айтты. Аз уақыттың ішінде бұру, басқару аумағына жөндеу жүргізілуі керек. Әуе компанияларының өкілдері жалпы ұшу алаңының қалыпты жағдайда екенін айтты. Ұшу-қонуды жалғастыра беруге болады. Бірақ біз жолаушылардың қауіпсіздігі маңызды екенін түсенеміз. Аз уақыттың ішінде жөндеуіміз керек. Ауа райы қалыпқа түскен кезде шамамен екі аптаға әуежайды жауып, жөндеу жүргіземіз» деді Руслан Қамбаров.
Шенді жөндеу жұмыстары туралы тұрғындарға қосымша хабарланатынын жеткізді. Айтуынша, бөлек-бөлек бетон блоктан тұратын ұшу-қону алаңының кейбір тұстары бүлінген. Жөндеу жұмыстары тек сол жерге ғана жасалады. Әкімдік әуежайға толық жөндеу жасайтын инвестор таба алмаған.
«Жаңа әуежайға көп қаржы керек. Алғашында сенімгерлік басқаруға бергіміз келді. Біріншіден, ел арасында көп пікірталас туды, екіншіден сенімгерлік басқаруға алатын инвестор табылмады. Инвестор алып, модернизация жасап, талапқа сай жаңартса дегенбіз. Ауа райына қарамастан кедергісіз ұшып-қонатын қосымша жолақ болса деп едік. Конкурс нәтижесі болмаған соң 2024 жылға дейін әуежай мемлекет меншігінде қалады. Кейін сенімгерлік басқаруға беру мәселесі тағы қаралады» деді Қамбаров.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық